Халық даналығын ұсынамыз.
Әр адам өз қуатын білуі керек. Бұл оның дүниеден өз үлесін алуына себеп болады. Қуатына қарай іс істеп, қуатына қарай ас ішпеген адам ауруға шалдықпай тұрмайды. Ер мен әйел – жаратылыс заңы, дене құрылымы бірдей емес. Өлетінін білетін адам кеселден сақтанып жүруі керек. Ажалды ауру жақындатады.
Жақсы адамның өз мойнына алған борышы темір шынжырдан да, аттың кісенінен де мықты.
Борышқа батқан, ауру қысқан, көкдолы әйелге душар болған, жауы жағасынан алған адамда ұйқы болмайды.
Бес түрлі адам тірі болса да өлікпен тең, олар: кедей, ауру, есалаң, қуғындалушы, малай.
Жақсы адамдарды өзінің адамгершілігі үшін, орташа адамдарды әкелері үшін, төмен адамдарды балалары үшін, нашар адамдарды қайын атасы үшін қадірлейді.
Өміріңе қауіп-қатер төніп тұрса да, ел-жұртың ұялатын, руыңа кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
Еркекте сегіз түрлі қасиет болсын, олар: игі мінез, ізгі қасиет, әйелмен сөйлескенде әдепті, сыпайы болсын, жұрт сыйлайтын адамды жақсы көріп, құрмет тұтсын, жауының алдында жүректі болсын, үлкендерге кішіпейіл, халық салтын қадірлей білсін, осал жерін білетіндерге жұмсақ, сұмырайларға қулық жасасын.
Ерекше ауыр азап, мехнат көрумен, заң тәртібін бұзумен, жау алдында құрдай жорғалаумен табыс табуға ұмтылма.
Кім өзін жұрттан артық санаса, сол ақымақ.
Билік, байлық, даналық бір өзіңе байланысты.
"Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті" кітабынан