Ерік пен ұстамдылық

Массагеттің оймақтай ойларды тізбектеу дәстүрін жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға адамзат мақтаныштарының аузынан шыққан дуалы сөздерді ұсынғалы отырмыз. Бүгінгі әңгімеміз ерік пен ұстамдылық тақырыбына арналмақ.

...адам жеке өзінің ерік-жігеріне қарай ұлы немесе ұсақ болады.

С. Смайлс

Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі, тек қана берік адамның еркі – ғаламат күш.

А. И. Герцен

Ақыл еріктің жолын жарықтандырады, ал ерік іс-әрекеттерге әмірін жүргізеді.

Я. Коменский

Ерік – іске айналған ой емегенде немене!

А. А. Бестужев-Марлинский

Өзімізден-өзіміз ақталу үшін көбінесе мақсатқа жетуге шамамыз жетпейді деп өзімізді сендіріп жатамыз, ал шынында ғой біз әлсіз емес, ерік-жігерсізбіз.

Ф. Ларошфуко

Ең ұлы жеңіс – өзіңді-өзің жеңу.

П. Кальдерон

Ең алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда сен басқалардан бірдеңе үйренесің.

И. Гете

Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,

Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең.

Абай

Өзіңді-өзің жеңу – сәттіліктің үлесі жоқ бірден-бір салтанатты мереке.

Р. Шеридан

Бәрінен күшті адам – өзіне өзі ие адам.

Сенека

Принципсіз әрі ерік-жігерсіз адам рулі мен компасы жоқ кемеге ұқсас, ол жел қалай соқса, солай өзінің бағытын өзгертіп отырады.

С. Смайлс

Берекесізді бақыт та жарылқай қоймайды.

Софокл

Үлкен ерік – әлденені қалап, соған қол жеткізе білушілік қана емес, сонымен қатар керегі жоқ кезінде әлденеден өзін бас тартқыза білу де. Ерік дегеніміз – жай ғана тілек емес, оның үстіне сол тілекті қанағаттандыру да, ал мұның өзі әрі тілеу, әрі тоқтау, әрі тілеу, әрі бас тарту.

А. С. Макаренко

Сурет: Олег Пукас