Массагеттің оймақтай ойларды тізбектеу дәстүрін жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға адамзат мақтаныштарының аузынан шыққан дуалы сөздерді ұсынғалы отырмыз. Бүгінгі әңгімеміз ерік пен ұстамдылық тақырыбына арналмақ.
Басқаларға көп нәрсені кешір, өзіңе ештеңені де кешірме.
Пубиилий Сир
Беріктік - ақыл-парасат пен еріктің одағына сүйенген күш. Қасарыспалылық - күш кейпіндегі осалдық, бұл ерік пен ақыл-парасат одағындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан болады.
В. А. Жуковский
Қасарыспалылық - ақымақтардың айдары.
Я. Б. Княжнин
Біздің ерік-жігеріміз, біздің бұлшық еттеріміз сияқты, іс-қимыл үнемі күшейе түскен сайын нығая береді, оларды жаттықтырып отырмасаңыз, сөз жоқ, сіздің бұлшық еттеріңіз әлсіз де, ерік- жігеріңіз жасық болып қалмақ.
К. Д. Ушинский
Қиыншылықтар адамның бойында оларды жеңуге қажет қабілеттерді тудырады.
У. Филлипс
Өзінің еркін дамытқысы келген адам кедергілерді жеңіп үйренуі тиіс.
И. П. Павлов
Оңай қол жеткен жеңістердің құны шамалы, олардың ішіндегі табанды күрестің нәтижесі болып табылатындарын ғана мақтан етуге болады.
Г. Бичер
Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс.
М. Әуезов
Өзіңе, өзіңнің күшіңе деген сенімнен қаруланып алу керек, ал бұл сенімге кедергілерді жеңу арқылы, ерікті тәрбиелеп, оны «жаттықтыру» арқылы жетеді. Өз бойындағы және өзіңнен тысқары жердегі өткеннің түкке алғысыз мұрасын жеңуге үйрену қажет... Өзін- өзі сәл ғана жеңудің өзі адамды анағұрлым күшті етеді.
М. Горький
Ерік-жігерсіз адам - кез келген алаяқтың қолындағы ойыншық.
Н. К. Крупская
Әркімге сенген ісін орындауға жетерлік күш-қайрат болады.
И. Гете
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қалар деп.
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп.
Қазтуған жырау
Сурет: Анна Мазур