Суайттық – ең жексұрын кемістік.
М. Монтень
Кілең сұм-сұрқиялар ғана өтірік бөседі.
Ф.М.Достоевский
Біздің өтірікті ең үлкен масқара деп айыптайтын себебіміз: барлық жарамсыз қылықтардың ішінде мұны жасыру да, айту да бәрінен оңай.
Ф.Вольтер
Өтірік айтатын кісі адам болуға лайық емес.
Ф. Фенелон
Өтірік әлжуаз жанды, ақыл дәрменсіздігін, кеселді мінезді паш етеді.
Ф. Бэкон
Мен қорқақтық пен осалдықтан болатын өтіріктен бәрінен гөрі көбірек ұяламын.
А. И. Куприн
Адамды қорлайтын нәрсе – өтіріктің тап өзі.
О. Бальзак
Өтірікшіге біз тіпті ол шындықты айтып тұрған кезде де сенбейміз.
Цицерон
Өтірік – өмірдегі жаман көмекші.
Н. К. Крупская
Жасанды нәрсе ешқашан да берік болмайды.
П. Буаст
Ең сорақы өтірік, көбінесе, үнсіз айтылады.
Р. Стивенсон
Жартылай шындық өтіріктен де қауіптірек... Әдетте, боялмалы жартылай шындыққа қарағанда өтірікті танып қою оңай.
Т. Гиппель