Бір күні ұстаз бен шәкірт серуендеп жүріпті. Бір егістіктің жанынан өте бергенде олар сол жерде жұмыс істеп жүрген адамды көріпті. Егістік басында ескі бір жұп етік пен мыжылған сырт киім тұр екен. Олардың әлгі адамға тиісті екенін біліпті. Әзілқой шәкірт:
– Мұғалім, ана адамның киімдерін тығып қойып, не істейтінін тамашалайық?! - деп пікір тастапты. Ал ұстазы басқа бір ой тастапты:
– Көрген әзіліңнен көбірек рахаттанғың келе ме? Сенің ақшаң бар ғой, әлгі етіктерге бір-бір теңгеден салып қойсаң, ештеңең кетпейді ғой?! Есесіне көрген нәрсең саған ұнайды, - депті.
Шәкірт дәл солай жасапты. Әр етіктерге екі теңгені салып, ұстазымен тығылып қалыпты. Жұмысын бітірген шаруа өзінің заттарына келіпті. Сырт киімін іліпті, екі етігін кисе, бір нәрсе кедергі болыпты. Етіктерді шешсе, екі теңге тұр екен. Айналасына қараса, ешкім жоқ. Шаруаның қуанышында шек болған жоқ. Ол тізерлеп:
– Я, Құдай, өзіңе мың шүкір! Әйелім науқастанып, басыма қиын күн түскенде көмек жібергеніңе мың алғыс! - деп алғысын жаудырды.
Ұстаз көзіне жас алып тұрған шәкіртіне қарап:
– Қалай, ұнады ма?! - деді.
– Бұл маған берген сабақтарыңыздың ішіндегі ең жақсысы! - деді шәкірті.
Мұқтаж адамды көргенде үстінен күлмеңіз, керісінше көмектесіңіз. Адамдардың бәрі де көмекке мұқтаж.