Екі тәмсіл

Қараңғы көше. Соқыр адам таяғын тықылдатып, қолына шырақ алып жол шетінде келе жатты. Көше қиылысындағы үлкен шам түбінде жайма ашып отырған кісі бұл соқыр адамның танысы еді. Жаймашы саудагер соқырдан: «Сіз көрмейсіз ғой, шырақтың сізге керегі не?» деп сұрады. Соқыр адам: «Мен айналамдағылардан түн менің әлемім сияқты қап-қараңғы болады деп естідім. Сосын көтеріп жүргенім ғой» деді. Саудагер тағы да түсінгісі келгендей: «Жолыңыз жарық болса елді соғып кетпеймін деп сенімді жүресіз бе?» деді.

«Жоқ, - деп жауап берді соқыр адам, - елді соғып кетемін деп алаңдамаймын, көретін адамдардың мені соғып кетпеуі үшін түнде әдейі айналамды жарықтандырып жүремін» деп жауап берді.

***

Жұмысшы үлкен кәсіпорынның директорында, қабылдауында отыр. Ол басшысына өзінің көкейінде жүрген ренішін жеткізіп отыр.

«Бастық мырза, жыл сайын осы бір жыл ішіндегі атқарған істерімізді қорытындылаймыз. Қызметтің бәрін, ауырын, азапты кездерін қарапайым жұмысшылар істейді. Ал, біткен істер, табысты жұмыстардың мадақталуын біздің жұмысшылар тобының жетекшісі алады. Енді қараңыз, жыл соңында барлық жұмысты сол кісі атқарғандай болып есеп беріп, барлық марапат пен сыйлықты, сенім мен қаржыны кәсіпорынның атқарушы директорына сіз табыстайсыз. Енді ойлаңызшы, ол кісі жұмыс басына жылына екі-үш рет қана келеді. Завод жұмысы түсіретін ауырлықтар, асатын кезеңдер біз қарапайым жұмысшылардың қолымен істеледі» деді таусыла сөйлеп.

Бас директор жайбырақат бейнеде: «Сізден бір сұрақ сұрасам бола ма?» деді.

«Иә, болады».

«Айтыңызшы, сіз қолыңыздағы сағатқа қарағанда алдымен қайсы тіліне қарайсыз?»

Жұмысшы: «Мен алдымен сағат тіліне, сосын минут тіліне қараймын, ал секундтық тілге қарамаймын да» деп жауап берді.

«Ендеше біздің үлкен кәсіпорынның да жүйесі сондай. Бұл барлық мекемеде осылай жүзеге асады» деп жауап берді.

Жұмысшы осыдан кейін бұл туралы жұмған аузын ашпайтын болды.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: lcxw.cn