Бір шәугім шай
Ұстазы шәкірттерінен сұрап жатыр: «Сіздер бір шәугім шайды қайнатып жатырсыңдар деп ойлайық, дәл осы сәтте отындарың қалмай қалды. Аздан соң от өшіп, шай қайнамай қалады. Сендер не істейсіңдер?»
Бірінші шәкірті: «Дереу барып отын теріп келемін!» деп жауап берді.
Екінші шәкірті: «Басқалардан отын сұраймын» деді.
Үшіншісі: «Жақын жердегі дүкеннен отын сатып аламын» деді.
Төртіншісі үнсіз қалды.
Дәл осы сәтте ұстазы: «Сендер не үшін шәугімдегі судың жартысын төгіп тастауды ойламадыңдар?» деді.
Әлемдегі барлық істер үмітпен алға ілгерлеу арқылы шешімін таба бермейді, кейде аздаған дүниеден баз кешу де сені көздеген мақсатыңа жеткізуі мүмкін.
Жұдырық және шаршау
Атасы немересіне: «Жұдырығыңды қатты түй, сосын маған қандай сезімде болып жатқаныңды айтып бер» деді.
Бала жұдырығын қатты түйіп аз-кем уақыт тұрғаннан кейін: «Аздап шаршап қалдым» деді.
«Енді одан қатты түй жұдырығыңды» деді қарт адам.
«Тіпті де шаршап кеттім, демім де қысылып кетті» деді бала.
Бала терең тыныстап алғаннан кейін: «Туһ, рахаттанып қалдым ғой» дейді.
Атасы немересіне: «Сен бір жұмысты үздіксіз жасай берсең, шаршайсың, ал оған басыңмен кірісіп кетсең, мүлде шаршап тұра алмай қалуың мүмкін. Демалудың ең жақсы жолы бас іспен айналысу» деп немересінің маңдайынан сүйді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com