Бір көгалға жас жігіт келіп, су ішіп алған соң, бұлақ жанында демалып жатқан ақсақалдан сұрайды: Мұнда қандай адамдар тұрады?Ақсақал өз кезегінде жас жігіттен: Ал сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? деп сұрайды Жаман ойлары көп өзімшіл адамдар, деп жауап қатады жігіт. Осы жерден де ондай адамдар табылады, деп жауап береді қарт. Сол күні, басқа жігіт бұлаққа келіп шөлін қандырып, қартпен амандасып, сұрайды: Мына жерде қандай адамдар тұрады?Қарт жауап берудің орнына сол сұрақты өзіне қояды. Ал, сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? Керемет адамдар, адал, қонақжай, мейірман.Маған олармен қоштасу ауыр болды. Ондай адамдарды сен осы жерден декездестіресің, деді қарт.Екі әңгімені де естіген бір адам: Сен бірдей екі сұраққа қалайша әр түрлі жауап бердің? деп сұрайды.Оған қарт былай деп жауап берді: Біздің әрқайсысымыз жүрегімізде не болса, сырттан да соны көреміз. Өз үйінде таба алмаған жақсылықты, ешкім сырттан, осы жерден немесе басқа жерден таба алмайды. Түйін. Шынымен-ақ, жүрек тыныш таппай, жүрек қаламайынша біз сыртқы ортаны жаман деп те, жақсы деп те қабылдауымыз мүмкін. Қарттың айтқаны ақыл боп қонса, ғасырға азық болар ой екен.