Бірде бір жігіт досына: Сенің өзгелерге өкпе-реніш білдірген кезіңді көрген емеспін. Маған да өзіңдей болуды үйретші, - дейді. Досы жігіттен картоп пен дорба әкелуді сұрайды. Егер де сен біреуге ренжіп, сол адамға ішіңде ыза мен ашуыңды түйер болсаң, бір картопты ал да, дорбаға салып қой. Сол-ақ па? - деп таңданады жігіт. Жоқ. Сосын осы дорбаны өзіңмен бірге үнемі алып жүр. Кімге ренжісең де бір картоптан қосып салып тұр, - дейді. Жігіт келісіп, үйіне келеді. Арада біраз уақыт өтеді. Дорба тола бастайды. Тағы бірер айда дорба толып, ауырлайды. Кейбіреулері шіри бастайды. Жігіт досына келіп: Мұны енді өзіммен алып жүру мүмкін емес. Қатты ауырлап, картоптарым шіри бастады. Басқа нәрсе айт, - дейді. Сонда досы: Адамдардың жүрегінде де дәл осылай болады. Мұны өздері байқамайды. Біреуге деген өкпе-реніш жүректе жиналып, жараға айналады. Адам да ішінен шіри бастайды. Енді біреуге ренжіген сайын, не біреуді ренжіткен сәттеріңде бұл ауыр жүктің саған керегі бар ма, жоқ па, жақсылап ойланып ал, - деп жауап береді.