- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Дұшпанмен көрісу...
Дұшпанмен көрісу
Одан мен қанша жыл қаштым және күттім де, енді міне ол осында. Тасты сүрлеумен бар күшін сала жоғары өрмелеп келе жатқанын терезеден көріп тұрдым. Қолындағы таяқ көмектесті - шалдың қолында қару емес, сүйеніш қана. Ақыры бар күшімді сарқып жетіп тындым: есікті әлсін тықылдатты. Қолжазбаларға мұңсыз қарай алмадым, жартылай біткен шимай мен Артемидордың түс көру жайлы трактаты - мүлдем қисынсыз кітаптар еді, өйткені мен грек тілін білмейтінмін. Басыма бір күнді жоғалттым деген ой оралды. Кілтті бұрау ғана. Қонақ маған тарпа бас салар деп қорықтым, алайда ол сенімсіз бірнеше адым жасап, ішкен енген сәтте таяғын түсіріп алды, тіпті, оған көз қырын салмастан, әл-дәрменсіз төсекке құлай кетті. Уайым оны маған көп рет кескіндеп берген болатын, бірақ мен осы жолы оның Линкольнның соңғы портретінен судың егіз тамшысындай аумайтынын байқадым. Сағат тілі төртті соқты.
Оның мені жақсы естуі үшін тіземді бүктім.
- Біз уақыт өзгелер үшін ғана өтеді деп ойлаймыз, ал шын мәнісінде ол ешкімді де аямайды, - дедім мен. - Біз кездестік, бірақ бұрын болғанның барлығы енді еш мағынасыз болып қалды.
Пальтосын шешіп үлгерді. Оң қолы пиджак қалтасына сүңгіді. Ол бір нәрсені көрсетіп жатты. "Револьвер", - тауып қойдым.
Осы тұста ол нығыздап айтты:
- Сен мені аяп, үйіңе кіргіздің. Енді менің кезегім, бірақ мен аяушылардың қатарына кірмеймін.
Маған бір нәрсеге болса да қарсылық білдіру керек еді. Күшіммен елене қоймайтынмын, дәл қазіргі сәтте мен тек сөз ғана құтқара алатын-ды. Оларды таптым да:
- Иә, мен бір уақыттарда баланы ренжіткенмін, бірақ енді сен бала емессің, ал мен есалаң емеспін. Келіс, бүгін өш алу кешіру секілді еш қисынсыз әрі күлкілі.
- Мен бала емеспін, - деді ол қаталдана, - сол үшін де сені өлтіремін. Бұл өш алу емес, керісінше, әділеттілік. Сенің бүкіл сылтауларың, Борхес, - бұл қулық қана, сен өлімнен қорқасың. Бірақ, қолдан еш қайран жасай алмайсың.
- Дегенмен, бір нәрсені жасай аламын, - дедім, қарсылық білдіріп.
- Не? - деп сұрады ол.
- Ояну,- дедім мен.
Сосын ояндым.
Хорхе Луис Борхес
Орыс тілінен аударған: Фараби Арыстанбек
Сурет: svoboda.org
Л. Лига