Достық туралы афоризмдер

Достық туралы афоризмдер
Фото: www.beliefnet.com

Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.

Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

Досын сатқан қосын сатқанмен бірдей.

Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ.

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.

Көзіңді ойып берсең де, дос көңілін қалдырма.

Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.

Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені.

Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан.

Тоқсары

Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,
Қалмағайсың сен де бірде алданып.

Әл-Фараби

Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын.

Көңіліңе қарай дос таңда, күшіңе қарай жүк таңда.

Жүсіп Баласағұн

Дос адам маңайыңды жұмақ етер.

Махмұд Қашқари

Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар.

Мың досты көп демегейсің,
Бір дұшпанды аз демегейсің.

Жақсы жолдас - бауырың.

Ахмет Игүнеки

Ж. Исакаев