Джек Ма – атақты қытай миллиардері. Қазіргі таңда оны танымайтын адам кем де кем шығар. Алайда ақша ұғымына қатысты айтқан нақылдарын көпшілігі біле бермеуі мүмкін.
► Егер өз кәсібіңізді бастасаңыз, тұрақты табыстан және жылдық бонустан бас тартасыз.
► Бізге ақша әрдайым жетеді, жетпейтіні – өз арманы үшін өлуге дайын адамдар.
► Ең жақсы адамды емес, жөні түзу адамды іздеңіз.
► Әлемге сіздің сөзіңіздің түк мәні жоқ, ісіңіз маңызды.
► Қай жерде еңбек бар, сол жерде мүмкіндік бар.
► Ешқашан байқап көрмесеңіз, мүмкіндік бар-жоғын қайдан білесіз?
► 30 жасқа дейін кішігірім компанияда жұмыс істеп, кәсіби мамандардан тәжірибе жинап, армандауды үйреніңіз.
► 35 жасқа жеткенде әлі де кедей болсаңыз, сіз сол жағдайға лайықтысыз.
► Ешқашан берілмеңіз, бүгін қиын, ертең одан да қиынырақ, ал арғы күні бұлт артынан күн шығады.
► Бәсекелестер туралы ойламаңыз, тұтынушылардың қамын басты назарға алыңыз.
► Бірінші орында – тұтынушылар, екінші орында – әріптестер, үшін орында ғана – акционерлер тұруы тиіс.
► Егер бәсекелесіңіз сізден күшті болса қорықпаңыз, осал болса да оған теңдей қарауыңыз керек.
► Айналаңыздың барлығына дұшпандай қарасаңыз, олар шынында да сіздің жауыңызға айналып шыға келеді.
► Нағыз кәсіп иесінің жауы болмайды. Осыны түсінген сәттен бастап сізді ешкім де тоқтата алмайды.
► Ақымақтар ғана сөйлеу үшін аузын пайдаланады, ақылдылар басымен сөйлейді, данышпандар жүрек сөзін ғана айтады.