- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Детектив жанрының патшайымы...
Детектив жанрының патшайымы Агата Кристидің дәйексөздері
Кеше күллі әлем әйгілі ағылшын жазушысы, атақты тыңшы Эркюль Пуаро мен мисс Марплдың анасы Агата Кристидің туған күнін тойлады. Оның кітаптары 2 миллиардтан астам тиражбен басылып шығып, әлемнің 103 тіліне аударылған. Ал Агатаның өзі бүкіл адамзат тарихындағы ең көп жарияланатын жазушылардың бірі болып есептеледі. Сіздердің назарларыңызға Агата Кристидің бір топ дәйексөзін ұсынғымыз келіп отыр.
Мен өзімнің детектив романдарымның сюжеттерін ыдыс-аяқ жуып жатқан кезде табамын. Өйткені ол маған мүлдем ұнамайтын іс. Сол себепті басыма бірден өлім туралы ойлар келеді.
Бақытты болған жеріңізге ешқашан қайтып оралмаңыз. Қайда жүрсеңіз де өзіңізді бақытты сезініңіз. Ал белгілі бір жерге қайтып барсаңыз, онда бәрі құриды.
Өмірде керемет өнер туындыларын ыңғайсыз жерде немесе мезгілсіз уақытта көргеннен асқан қателік жоқ шығар. Шекспир соның кесірінен талай таяқ жеген.
Бұл өмірдегі ең үлкен бақытыңыз – бақытты балалық шағыңыз.
Ендігі жастардың барлық уақыты әңгімеге, жұмысқа, елдің тағдырына кетеді. Әрине ол өте дұрыс. Бірақ айтыңыздаршы, сол көңілді ме?
Адамдарды күлкілі күйінде көрген кезде ғана сіз оларды қатты жақсы көретініңізді сезінесіз.
Бір нәрсені байқап көрмей, қолыңыздан келетінін, келмейтінін айту мүмкін емес.
Ақылды адам өз пікірін өзінде ұстайды.
Егер сіз болашақ жарыңыздың өмірлік қағидаларын ұстана алмасаңыз, онда оған күйеуге шықпай-ақ қойыңыз.
Таңертең оятқышыңыздың шырылдамай қалуы - өміріңізді өзгертіп жіберуі мүмкін.
Неке махаббаттан да көп нәрсені білдіреді. Ең бастысы – сыйластық.
Адамның пікірін тыңдамай, ол туралы еш нәрсе айтуға болмайды.
Әрдайым дұрыс жүретін адамның өзі де жалықтырып жібереді.
Қыз бен жігіттің бір-біріне бауыр басып қалуы - өмірге деген көзқарастарының бірдей болуынан басталады. Олардың ойлары әрқашан бір жерден шығады.
Әйел адам әрдайым жолдасының жанында жүру керек. Егер болмаса, онда ол оны ұмытуға хақысы бар.
Мен сізді жас деп айтпағаныма ренжімеңіз. Себебі жастық шақ – ең тез өтіп кететін кез.
"Өлі адамдар туралы не жақсы, не жаман ой айтылады" деген сөз бар. Бірақ мен онымен келіспеймін. Өйткені өлі адам туралы болса да, тірі адам туралы болса да тек шындықты айтқан дұрыс.
Егер арманыңыздың орындалмайтынына көзіңіз жетіп тұрса, оны бірден тоқтатқаныңыз жөн. Құр үмітпен күн кешудің қажеті жоқ.
Ақылды адамдар ешқашан ренжімейді, олар нәтиже шығарады.
Басқа адамдарға керек нәрсені мен керемет білем деп ойламаңыз. Тек білгеніңізді бөлісуді ұмытпаңыз.
Әйелдер әрдайым ер азаматтарынан адалдықты күтеді. Жылағанда жұбанышы, құлағанда қуанышы болғанды қалайды. Қандай да болмасын шешімді бірге қабылдағысы келеді.
Достарды екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Біріншісі - белгілі бір уақыт қана сіздің өміріңіздің қонағы болса, екіншісі – қандай қиындық туса да қасыңыздан кетпейтін жандар. Оларды бағалай білу керек. Өйткені олар өмір бойы сіздің қасыңызда болады.
Ж. Исакаев