- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Дәріс текшесінің артындағы...
Дәріс текшесінің артындағы жауап
1961 жылдың 20 қаңтары. АҚШ-тың 35-шы кезекті президенті Джон Кеннеди серт беріп, міндетке отырды. Ол католик діні өкілдерінен алғаш рет сайланған президент болғандықтан, Бостон Касин діни рәсімде серт беруді бақылаушылыққа ұсыныс етілді әрі алдымен құттықтау сөзін сөйледі. Касин Кеннедидің өсіп-жетілуі барысындағы кешірмелерін таныстыра келіп, оның жеткен жетістіктері жайлы да ұзақ айтты. Жұрт бұл кісінің сөзі енді аяғына шықты-ау деген сәтте, дінбасы уағыз айта бастайды. Ол тіпті өзінің президенттің серт беру рәсімінде сөз сөйлеп тұрғанын ұмыт қалдырғандай еді.
Таққа отыру салты жоспарда бір жарым сағат болатын, ал Касиннің шатпағы бірталай уақытқа дейін аяқталмай қойды. Кеннеди сөйлейтін сөзін қайта реттеп, уақыттық жоба жасады. Өзінің лекциясын қысқарту бекіміне келді. Касин мінберден түскенде президент сөйлейтін сөзін ықшамдап болған-ды. Сөз кезегін алған Кеннеди президенттік міндетке отыру лекциясын бітірді. Бірнеше беттік мәтінді 52 сөйлемге қысқартты, оның әріп саны 1400-ге де жетпей қалған еді. Бірақ Кеннедидің тартымды тұжырымдауы ұзақ-ұзақ соғылған толассыз қол шапалаққа ұласты.
Рәсім аяқтағаннан кейін Кеннеди Касиды масқаралай: "Сіз менің артық, сұлу, желдіртпе сөз-сөйлемдерімді қысқартуға көп көмек көрсеттіңіз, сіздің ұзын-сонар сөзіңізден жалыққан көпшілікті желпіндіргенім үшін маған рақмет айтыңыз!",-деді.
"Сіз уақыттың 8/9 бөлігін иелеп алғаныңызға да рақмет айтуға тиіспін, олай болмағанда мен тартымды лекцияны жазып шыға алмас ем",- деді президент. Касин үн-түнсіз тұрып қалды. Әудем уақыттан кейін ғана: "Сіз мені солай істеуге құшар болғаннан кейін ұзыннан-ұзақ лекция сөйледі деп ойлайсыз ба?",- деп қайыра сұрақ қойды.
Кеннеди күліп: "Шындығында солай ғой",-деді.
Касин басын шайқап: "Мен лекция мінберінде сөйлеп тұрғанда текшенің артқы жағынан созылып шыққан жіңішке түтінді байқадым. Оны жарылғыш заттың білтесі екен деп ойладым. Сені қорғап қалу үшін мен сол орында табандап тұруыма тура келді. Сосын құттықтау сөзін ұзарту бекіміне келдім. Әлгі түтін өшіп, оның электр сымынан шыққан түтін екені белгілі болғаннан кейін ғана сөзімді аяқтап, сізге кезек бердім",- деді.
Кеннеди дереу дәріс текшесінің артына барып қарады. Шынында да бір бөлік электр сымының күйіп қалғанан көрді. Президент сол кезде ғана Касиннің ойын түсінді.
Осыдан кейін Кеннеди отбасындағыларға үнемі осы бір кешірмесін айта келіп: "Сен басқалар үшін мейлі қаншалықты іс істеген болсаң да, әрқашан өзімнің істегенім жетерлік болды деп қарауыңа болмайды. Бәлкім, сенің басқаларға бергенің тек бір стақан су ғана болар, ал басқалар саған оның қарымтасы ретінде бір өзеннің суын қайтарар, десе де, өзен суы жердің астында жасырынып жатады емес пе!",- дейтін болды.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: infoniac.ru
M. Auelkhan