Даналардан қалған сөз

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.

Әл-Фараби

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Ж.Баласағұни

Жас адам қартаяды,

Жаңа нәрсе ескіреді,

Шадыман шақ желдей тез өтер,

Қуатты бел бүгілетін кез жетер.

А.Иүгінеки

Тірі адамға керек ізгі қасиет,

Саған келіп барлық нәрсе бас иед.

Ж.Баласағұни

Ерінбей еңбек етсең, шыдап егер,

Тікен де гүлге айналып шыға келер.

Сағди

Диқанның бақшасын көр, жемісін тат,

Адал еңбек еткеннің көңілі шат.

Ә.Науаи

Қатардан қалу – ердің ісі емес.

Құтып

Көрсетсе мейірбандық бейімделіп,

Шапағат сыйла сен де пейілденіп.

Р.Хорезми

Ексең достық көшетін – жеміс болар,

Күншілдіктің ақыры – кейіс болар.

Хафиз

Тапшылықта азға да қанағат ете білгенің –

Өзіңе-өзің патша боп, еркін өмір сүргенің.

Хорезми

Қанағат – табиғаттың төл перзенті,

Тағы да денсаулықты ол күзетеді.

Әл-Фараби

Абайла, боп жүрмесін досың дұшпан,

Дұшпан болған досыңнан қатты сақтан.

Құтып