- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Брюс Ли айтқан...
Брюс Ли айтқан афоризмдер
Оның бала кезіндегі есімі – Ли Сяолун, ересек кезіндегі аты – Ли Чжэньфань. Кішкене кезінен киноға түсе бастағанымен, отыз жылдық ғұмырында 36 фильмге түсіп үлгерді. Төбелесу ісінің шебері ретінде балалар көңілінде идеал боп қалыптасқан Брюс Ли артында қалғандарға айтары бар, қанатты сөздер қалдырған тұлға.
Нағыз шынайы достар алмаз сияқты, аса қымбат әрі сирек кездеседі. Жалған достар күзгі жапырақ тәрізді, аяқтың астында.
Ақыл-парасатыңызды түбірімен өзгертіңіз.
Ақшаның еш мәні жоқ. Ол тек белгілі мақсатқа жету құралы. Ақша неге қабілетті екенін және ең бастысы, не істеуге күші жетпейтінін түсінуіміз керек.
Өз қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана, оған кешіріммен қарауға болады.
Су секілді қозғал, айна сияқты шаттан, жаңғырық тәрізді жауап бер.
Адам төбелесте кенеттен жеңіске жетеді, ал жаттап алған жаттығуларды қайталау жеңіліске әкеледі.
Істеп көрген жан ғана кәсіпті игере алады.
Ашушаңдық адамды бір сәтті ақымаққа айналдырып жібереді.
Өнердегі ең жоғары саты – қарапайымдылық.
Жұмсақ болыңыз, бірақ бодан болмайды. Қатты болыңыз, бірақ қатігез болмаңыз.
Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.
Жақсы күрескер байбалам салмайды, дайындалады. Ол ойламайды да, армандамайды да, кез келген жағдайға дайын болады.
Мақсат міндетті түрде діттеген жеріне жетуі керек емес, ол келесі қадамыңызға деген бастапқы бағыт болуы мүмкін.
А. Оралқызы