Ол қос ұлттың перзенті атанған. Ол екі елдің рухани мәдениетін, әдебиетін өсірген. Ол "Адамзаттың Айтматовы" атанған. Ол – Шыңғыс Айтматов. Оның шығармалары жастарға риясыз махаббатты, сезімнің құдіреттілігін танытты. Сіздердің назарларыңызға "Адамзаттың Айтматовы" жазған шығармалардан алынған ойлы сөздерді ұсынамыз.
Аз болсын, көп болсын, бәрі өз еңбегіне байланысты алақанында көрінеді.
Адам рухани дүниесін сыртқа табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді.
Адам мен айналадағы ортаның өзара қатынасы суреткерді әрқашанда тебірентіп, әрқашанда талаптандырып отырады.
Еңбек сүйгіштік – адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.
Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.
Халықтың мәңгі ғұмыры — оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін — ұлы.
Біреудің жан сарайына рұқсатсыз үңілу жақсы әдеп емес.
Әркімнің бір мінезі бар.
Ересек адамның да балаға ұқсайтын кездері болады.