Бірде профессордың үйіне бірнеше жыл бұрын оқу бітіріп кеткен студенттері қонаққа келеді. Сөз арасында олар, өз өмірлеріне разы емес екендіктерін айтып отырады. Үй иесі оларға әр түрлі кесеге кофе құйып береді. Бәрі таңдап алған кезде, қарапайым кеседегі кофе қалып қояды. Профессор өз студенттерінің әңгімесін тыңдап отырып:
- Барлығың да кеселердің ең әдемісін, қымбатын таңдап алып, кімге қандай кесе тап болды деп бақылап отырсыздар. Кофе дегеніміз - бұл Өмір, ал, жұмыс пен ақша –жағдайың, кесе - қоғам. Бұлардың барлығы, бар болғаны өмірді құрайтын құбылыстар. Кейде біз кесенің әдемісін, қымбатын таңдаймыз деп, оның ішінде не барына аса мән бермейміз. Ең әдемісін немесе қымбатын таңдай білген адам емес, қолындағы барын көрсете білген адам-бақытты, - деген екен.
Жолдаған: Сандигуль Байдуашова
Сурет: dobre.stb.ua
Оқи отырыңыз
Тибет ғұламаларының өмірлік ұстанымдары
Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме
7 саны туралы мақал-мәтелдер
Ғабит Мүсіреповтің әйел, ана туралы айтқан ғибратты сөздері