- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Бөлтірігін іздеген бөрі...
Бөлтірігін іздеген бөрі
Екі бақташы бала қасқырдың апанынан екі бөлтірік тауып алып, бір-бірден бауырларына салып алыпты. Баланың кішісі бөлтірікті алып, зәулім ағаштың басына шығып кетіпті. Екінші бала бөлтірікті алып, биік жартасқа бекініп алыпты. Ағаш пен жартастың бойы айғай салым жер екен. Көп өтпей, қасқыр бөлтіріктерін іздеп келіпті. Осы кезде ағаш басындағы бала бөлтіріктің құлағын бұрап қыңсылатып, даусын шығарыпты. Ашуланған бөрі қаһарына мініп, тау-тасты жаңғырта ұлып, ағашқа қарай тұра ұмтылып, берік діңді тырмалап, айнала жүгіре бастапты. Дәл осы кезде жартасқа жасырынған бала екінші бөлтірікті шымшылап, даусын шығарыпты. Қасқыр дауыс шыққан жаққа қарай аласұра ұмтылып, жар түбінде шыр көбелек айналады. Осылайша екі бала кезек-кезек бөлтірік дауыстарын шығара беріпті. Соңында, зәулім ағаш пен жартас арасында тынымсыз шапқылай берген қасқыр зорығып өліпті.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: baike.com
M. Auelkhan