Ері мен әйелі жарасып тұрып жатты. Отағасы жұмысбасты болатын, көбіне түзде, көп уақыты жұмысқа кететін.
Күндердің бір күні баспаналарын ауыстырды. Оңтайлы мүмкіндік қарастырылған соң, үйлерін басқа бір үйге ауыстырып алды. Жаңа үйге тұрақтап, тұрмыстық заттарын орналастыруға барды. Бұрынғы үй иелері кейбір жиһаздардың уақытша қала тұратынын айтып, қош айтысып кетті.
Бірнеше күн өтті. Бұрынғы үй иелері жиһаздарын алып кетуге келсе, жаңа қожайынның әйелі жылап отыр екен. Жыламсыраған күйі жаңа үйге көңілі суып үлгергенін, ұнамай қалғанын, түсініксіз бір нәрсенің үйде орналасқанын айтып берді. Айтуына қарағанда, бүкіл қабырғада, жиһаздарда, еденде таңертеңгілік уақытта ғайыптан бормен жазылған таңбалар түсе бастаған. Ал ол болса бүкіл бордың барлығын өшіріп, ері жұмыстан келгенше тазалап қоюға тырысқан. Бірақ, қараса күнде сол әлек, күнде сол көрініс. Қайталана берген соң, еріне айтқысы келген, алайда... Көп себептің бірі бойынша, жаңа үйге көшу идеясы өз мойнында болған.
Бұрынғы үй иелері бұған қатты таңырқап, мұндайдың бұрын-соңды орын алмағанын айтып ақталды.
Осы уақытта үйге ері оралды. Бұрынғы үй иелері мен әйелі күтіп алып, түсініксіз құбылыстың сыры жұмбақ күйін айтып беруге тырысты. Бұдан ары жасыру мүмкін емес екенін және одан ары әйелінің жасыра алмағанын, бормен жазуларды білген соң, ері орнынан тұрып, айтайын дегендерің осы ма дегендей жеңіл тыныс алып, бір сәт көңілі серпіліп кетіп:
– Әр таңда бормен жазуларды түсіріп жүрген мен едім, бірақ неге екені белгісіз, өшіп қала беретін. Сұрауды да ұмытып кетіппін, іштей түсінбей жүргенмін! – деді.
Анықталғандай, жаңа үйде тарақан табылып, оларды күйеуі бордың көмегімен құртпаққа бел буған. Әйелі сол уақытта күйеуін ренжітіп алмас үшін борларды өшіріп, жасырумен келіпті.
Айтпай жүрген әйелден, айтпай келген ерден көріңіз. Отбасылы жандардың кейбір қорқынышы осылай құрылады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: tourofnoregrets.com