- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Бизнес туралы тәмсілдер...
Бизнес туралы тәмсілдер
Сақтандыру агенттігінде жұмыс істейтін адам бірнеше жыл бірге гольф ойнайтын танысының өзінің компаниясынан емес, өзге компаниядан миллион долларға өмірін сақтандыру туралы келісім жасағанын естиді. Таныс досы тұрғанда неге танымайтын өзге компанияның клинеті болғанын ұға алмаған әлгі адам досына хабарласып:
– Қанша жылдан бері әр демалыста бірге гольф ойнап келеміз. Мен тұрғанда неге басқа сақтандыру агенттігінің қызметінде жүгіндің? – дейді.
– Сен маған бұл туралы ешқашан айтқан жоқсың ғой. Ал әлгі компания үнемі хабарласып айтып отыратын,– деп жауап береді.
* * *
Бір данышпан орманда серуендеп келе жатып өтпейтін ескі арамен ағаш кесіп отырған адамды көреді. Ол ағаш кесуші біраздан бері жұмыс істейтіні және қатты шаршағаны көрініп тұр еді. Данышпан оған келіп құрал-сайманын ауыстырса жұмысы жылдамдап әрі жеңілдей түсетінін айтады. Ағаш кесуші: «Оған менің уақытым жоқ, жұмыстан қолым босамайды»,– деп жауап береді. Кейде өзіміз де жұмыс-жұмыс деп жүріп, оны атқаратын құралдарымыздың сапасына мән бермейміз.
* * *
Бір қалада атағы шыққан данышпан болыпты. Оны көре алмаған біреу қулық ойлап тапқысы келеді. Сөйтеді де қуып жүріп екі көбелек ұстап алады. Данышпанға барып қай қолымдағы көбелек тірі, ал қайсысы өлі, мықты болсаң осыны анықтап бер деп сұрайын. Ол көбелек тірі десе, қолыммен мыжып өлтіре саламын, ал өлі деп айтса алақанымды ашқанда көбелек ұшып кетеді. Сонда халық шын мәнінде кімнің ақылы артық екеніне көзі жетеді деп ойлайды. Осы ойын жүзеге асыру үшін данышпанға келіп: «қолымдағы көбелек өлі ме, тірі ме?» – деп сұрайды. Ал әлгі адам шынында да данышпан десе, данышпан екен. «Бәрі де өз қолыңда!» деп жауап береді.
@. @assel_assanova