Тұрмысыңызға тоқшылық келтіруге және жан тыныштығын табуға үлес қосатын өзгеше бес тәмсіл...
Егер досыңызға бір ойлы дүние жайлы айтып, оны ақыл түрінде ғана келтіріп қоя салсаңыз, одан еш нәрсе өзгере қоймасына біз кепіл. Әлгі досыңыз бастапқыда басын шұлғып, келіскен сыңай танытқанмен, былай шыққанмен сіз айтқанның бәрін де ұмытып кете салуы оңай. Ал егер де әлгі ақылыңызды оқиға түрінде әспеттеп, әдемілеп келтіре кетсеңіз, әлгіндегі досыңыз өз өмірі жайлы ойланып, тілек-арманын өзгертуге тырысуы әбден мүмкін...
Бес кірпіш
Бір жолы күш-қуаты толысқан бір ер кісі миллионер Тейлор Барнумнан ақша сұрайды. Миллионер жай-күйді бағамдап үлгеріп әлгі жанға күніне бір жарым долларға жұмыс ұсынады. Бес кірпішті қолына беріп жатып, төмендегідей нұсқауларды тапсырады:
Бір кірпішті Бродвей мен Энн-стрит көшелерінің қиылысына, екіншісін Барнум мұражайының маңына, үшіншісін Бродвей мен Виси, Эстер-Хаус көшесіне қиғаштап, төртіншісін Қасиетті Павлдың тұсына, ал қолдағы бесіншісін әр кірпішті ауыстырып отыру үшін өзімен бірге алып жүрін тапсырады. Және де мұның бәрін тездетіп жүріп істеуін қалайды. Қасиетті Павлдағы сағат тілі соққанда, мұражайға еніп, қалтасындағы билетін көрсетіп, зал ішін аралап шығуы тиіс болады.
Айлалы әрекет содан соң да қайталана бермек...
Жұмысшы өз жұмысына кірісіп те кетеді, көп ұзамай, жарты сағат өтер-өтпесте бес жүз адамның сұраулы жанары осы бір құпия жүріске қарайлай бастады.
"Ол өзі не істеуде? Кірпіш қайдан шықты? Ол неге айнала жүгіріп жүр?" - деген сауалдар төңіректен төне бастағанмен, жұмысшы жақ ашпады. Сағат бірге таяған тұста көшелерде жұртшылық лық толып, әрқайсысы таңырқаған кейіптерін жасыра алмай, аңырап тұра берді. Бір заматта жұмысшы өз жүрісін аяқтап болып, мұражайға енді. Сосын ол сонда төрт сағаттан астам уақыт өткізіп, бір заматта өз кірпіштеріне қайта оралды.
Әлгі жан мұражайға әр жолы енген сайын таңырқаған жұртшылық соңынан ағыла ілесіп, билет сатып алу арқылы іс-қимылдың мәнісін білгісі келуге тырысты. Күндердің күні сол жерге құқық қорған органы келді де, кірпішшіні өзімен бірге алып кетті.
Кірпішші кеткенмен, кірпішшінің артында тұрған әлгі жан мен әлгі жанның тосын іс-әрекеті мұражайға тамаша жарнама болып кете барды. Кейіндеу бір сөзінде Тейлор Барнум осы бір оқиғадан кейін көп ұзамай Бродвей Нью-Йорктің ең атақты, жұрт толы көшелірдің біріне айналғанын айтады.
Маркетингтік қулықтың алғашқы аяқ алысы осылай басталса керек...
Әріптес немесе дос?
Бірде тәлімгер сұрады:
- Ұстаз, мынадай бір қиын өткел шығып тұрғаны, жаңадан бастағалы тұрған бір ісімді кіммен құратынымды шешуім тиіс: бала күннен жақсы білетін досыммен бе, екі жыл ішінде бірлесіп іс жүргізіп келген әріптесіммен бе?
- Осы бір істен не күтетініңе байланысты ғой, - деді Ұстаз күлімсіреп. - Егер сен жетістікті қаласаң, - тәлімгер басын шұлғыды, - әріптесіңді таңда, ал егер жан қалауы (рахат үшін) үшін болса, онда досыңды.
Ұстаздың осы бір айтқандары осы күні де кәсіпкерлікте маңызды сабақ болып қала беруде: "Кәсіпте қаланған достық достықпен қаланған бизнестен әлдеқайды мықтырақ".
Кәсібилік пен әдет
Жұмыс беруші жарнама агенттіктері арқылы өз фирмасы ашылғанын жария етті. Көп ұзамай көп тілек пен өтініштер келіп түсе бастады. Көп үміткердің арасына ол екі жанды таңдап, сұхбаттасуға шақырды. Әңгімелесу кезінде жұмыс беруші шақырылған екеудің әрқайсысына үңіле қараумен отырды.
Бірінші жұмыс іздеуші ішке енгенде, өз артынан есікті ашық қалдырды. Жұмыс беруші онымен он бес минуттай сөйлесіп болған соң, қабылдау бөлмесінде күте тұруын тапсырды.
Ал екінші жұмыс іздеуші өз артынан есікті жауып кірді. Сұхбаттасып болған соң, оған да жалдаушы есік артында күте тұруын тапсырып, хатшысын шақыртты.
- Бірінші үміткер, - деді ол, - жұмысқа қажетті барлық қасиеттерге ие болғанмен, жұмысқа екінші жұмыс іздеушіні қабылдаймын деп шештім, себебі, бірінші өз артынан есікті жауып кірмеді. Соған қарағанда, еріншек секілді. Екіншісі болса есікті жауып кірді. Тіпті, ол жеткіліксіз маманданған болса да, тез арада үйреніп біліп алмақ.
Егер адам өз ісінде кәсіби маман бола тұрып, алайда, жүріс-тұрыстың қарапайым салтынан хабардар болмаса - есік жабу жайлы – сол білімінен қандай мән-мағына қалмақ?
Жарнамадағы әнші
Бір жолы шәкірт Ұстазынан:
- Ұстаз, айтыңызшы, өнімді жарнамалауда әйгілі бір жанды (спортшы, актер, қоғам қайраткері) қолданған дұрыс нәрсе ме? - деп сұрады.
- Мұны неге сұрап отырсың? – деді Ұстаз таңырқай.
- Себебі, менің фирмамда мынаған келгенде соңғы уақытта барлығы бір-бірімен бәстесуге көшіп алған: біздің өнімді әйгілі әншінің мақтап жатуы қаншалықты тиімді?
- Бәстесудің сыры?
- Біреулердің айтуынша, әлгі әнші - біздің елдегі үздік әнші, сондықтан жарнамадағы орны сатылымды көбейтпек десе, екінші біреулер болса әлгі әнші - дарынсыз, сол себепті де сатып алушылар біздің өнімді дарынсыздарға ұнайды деп шешкендіктен, сатып алады деп санайды.
- Демек, әнші кімге ұнаса, мұны жақсы деп есептейді, ал кімге ұнамаған болса, онда нашар? - деп Ұстаз анықтап алып жатып.
- Иә, дәл солай.
- Осы сұрағыңа дәл қазір өзім жауап бердім деп ойламайсың ба? – деп күлді Ұстаз.
Кәсіпкерлікте күрделенген тұста - егер кез келген бір нәрсе өз өлшем бірлігінен асып кетіп жатса - жай ғана шешім қабылдаған дұрыс.
"Үстіме не кимейін, мен - Генри Фордпын"
Бір жолы миллиардер атанған уақытысында Генри Форд Англияға бір істерімен келеді. Әуежайдың анықтама бұрышынан қаладағы ең арзан қонақүйге тапсырыс беріп жатады. Қызмет қылушы оның жүзіне қарайды - оның жүзі танымал болатын. Бүкіл әлемнің газет беттерінде ол жайлы жайлы жиі жазылып жататын. Енді міне қараса ол қарсы алдында тұр - өзінен жасы үлкен көрінетін плащымен қаладағы ең арзан қонақүйды сұрауда. Қызмет қылушы сенімсіз түрде сұрайды:
- Егер мен қателеспесем, сіз - Генри Форд емессіз бе?
- Иә, - дейді әлгі.
Қызметкер таңырқайды.
- Мен жаңалықтарға қарап жүретін жанмын, сіздің ұлыңыз қайдан бармасын үнемі қымбат қонақүйлерге тоқтап және үнемі жақсы киініп жүретінін білемін. Ал Сіз болсаңыз ең арзан қонақ үйден бөлме сұраудасыз және өзіңізден жасы үлкен көрінетін плащты киіп алыпсыз. Сонда сіз ақша үнемдейсіз бе?
Генри Форд бұл сұраққа былай деп жауап қайырған екен:
- Маған қымбат қонақүйге тұрақтаудың еш қажеті жоқ; қай жерге тұрақтамайын, мен бәз баяғы Генри Форд болып қала беремін. Ең арзан қонақүйде де сол бәз баяғы Генри Фордпын, еш айырмашылық жоқ. Менің ұлым жас әрі тәжірибесіз, ол егер арзан қонақүйге тұрақтасам, жұрт не ойлайды деп қорқады. Ал бұл пальто - мұны менен бұрын да менің әкем киіп келген, бірақ бұл ешбір мағына бермес, маған жаңа шүберектің не қажеті бар? Үстіме не кимейін, Мен - Генри Форд болып қала беремін; қай жерде және қай жолы болса да. Ал қалғаны маңызсыз.
Кәсіпкерліктегі шабан аттар
Үндістердің Дакота тайпасының ертеден келе жатқан мынадай бір даналығы бар: егер сіз өзіңіздің шабан аттың үстінде ортырғаныңызды аңғарсаңыз, жақсы шешім (стратегия) - үстінен секіріп түсу.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: networking2.ru