Бернард Шоу өз заманының көрнекті жазушы және сыншысы болған. Ол тарихта әдебиет саласында Нобель сыйлығын алған және "Пигмалион" фильмінің сценарийі үшін "Оскар" сыйлығын иемденіп, екі атаққа бірдей қол жеткізген жалғыз тұлға. Ағылшын жазушысы мектептегі алған дәрістерінің еш пайдасы тимегенін айтады. Дегенмен, Ч.Диккенс, У.Шекспир, Д.Беньян романдары мен пьесаларын сүйіп оқығанын бөле жара айтады. Оның бар білімі, философиялық тағылымы қанатты сөздерінде өз орайын тапқан. Бүгін біз massaget.kz оқырмандарына Бернард Шоудың қанатты сөздерін ұсынамыз.
Қарым-қатынас туралы
Жек көру - қорқақ адамның орындай алмаған кегі
Біз бақытты болмай, ол сөзді қолдануға құқылы емеспіз
Жалғыздықпен өмір сүру және одан рахаттану - ұлы қабілет
Қарапайым болу өте қауіпті, егер сіз оған қоса сенгіш болсаңыз
Нағыз жұбай - нағыз ерім бар дейтін адам
Өмір туралы
Әлем жұмыс істеуге қауқары жоқ, бірақ бай болғысы келетін жалқаулардан тұрады
Алкоголь - өмір деген отадан аман өтуге арналған анестезия
Ұрлаған ұры емес, ұсталған ұры
Түрмедегі ең қорқақ адам - оның директоры
Қолынан іс келетін адам жасайды, ал келмейтін адам үйретеді
Өзіңізге ұнаған нәрсеге қол жеткізуге тырысыңыз, әйтпесе, қолыңыздағы барын сүюге тура келеді
Қартаю зерігерлі, бірақ ол ұзақ өмір сүрудің жалғыз жолы
Тарих туралы
Төңкеріс тирандарды орнынан алып тастаған емес, асылы, бір тиранның екіншісімен ауысуына мүмкіндік берген
Газета - өркениеттің жойылуы мен велосипедтен құлаудың айырымын білмейтін баспасөз органы
Егер менің көршім өз әйелін күнде соққанда, мен олай етпесем, әлемдік статистика бойынша екеуіміз де екі күнде бір әйелдерімізді ұрған боламыз
Дарын мен идеялар туралы
Егер сізде бір алма, менде де бір алма болса, сосын оларды өзара алмастыратын болсақ, екеуімізде де бір-бір алмадан қалады
Егер сізде бір идея, менде де бір идея болса, сосын оларды өзара алмастыратын болсақ, екеуімізде де екеуден идея болады
Атақ пен титулдар ел алдында ерен еңбек жасағандар үшін ойлап табылған. Бірақ ол қандай ел екені бізге белгісіз
Менің әр сәтсіздігімнен кейін абыройым асқақтай түспек
Адам туралы
Адам кірпіш секілді, күйдірген сайын қатая түседі
Дәреже адамның киімі секілді, қалай ұқыпты кие білсең, дәрежең де сол қалпы болмақ
Еш нарсеге сенбейтін адам барлық нәрседен қорқады
Тек ақымақ қана өз өлімінің жақындағанын тойлайтын болады
Ақылды адам өмірге бейімделуге тырысады, ал ақылсыз өмірді өзіне бейімдегісі келеді
Біз құстар секілді көкте ұшуды, балықтар секілді су астында жүзуді үйренгеннен кейін, енді тек адамға ұқсап жерде өмір сүруді үйрену ғана қалды
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: www.adme.ru