- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Бернард Шоу...
Бернард Шоу кесапат мінез туралы
Ұлы ағылшын драматургі Бернард Шоу есімі тарихта әдебиет саласында Нобель сыйлығын алуымен және "Пигмалион" фильмінің сценарийі үшін "Оскар" сыйлығын иемденуімен қалды. Осы екі атаққа бірдей қол жеткізген бірегей тұлға.
Ерекше дарын мен тынымсыз еңбекті ұштастыра білуінің нәтижесінде есімі ел аузында жатталған тұлғаның айтқандары келер буынға өнеге болары хақ. Сол себепті, оқырман назарына Шоудың қырандарды қыр астырмайтын кесапаттар хақындағы пайымдауларын ұсынамыз.
- Әлем саусағының ұшын қимылдатпай байығысы келетін жалқаулармен, ақысыз тер төгуге даяр ақымақтардан тұрады.
- Жек көру — қорқақтың сол қорқыныш сезімін ұялатқан жаннан алған кегі.
- Бақыт өндірмейтін адамның оны тұтынуға құқығы жоқ.
- Жалғыздық кешу, одан өзіндік ләззат алу — ұлы қасиет.
- Егер сіз ақымақ болсаңыз, ақкөңіл болу қауіпті емес.
- Сізді дарға асқысы келетіндерді ойынан тайдыру үшін адамдарды күлдіре білу маңызды.
- Жақыныңызға қатысты ең жаман күнә— оны жек көру емес, немқұрайлылық.
- Қолынан іс келетіндер еңбек етеді, ал қолынан іс келмейтіндер жұртты үйретеді.
- Жүрегіңіз қалағанды алуға тырысыңыз, әйтпесе, қолыңызға түскенді місе тұтуға тура келеді.
- Тарихтан алыну керек бірден-бір сабақ — ешкімнің одан әлі сабақ алмай келе жатқандығы.