Бір күні үйленуге ұсыныс жасап жүрген сүйіктім қолында бір шоқ гүл алып кіріп келді. Хош иісті қарапайым гүл шоғы! Үйге қайтып келе жатқанда асығып жүріп жанармай бекетінен ала салған екен. Бір-екі күн өткен соң әлі солып үлгермеген раушан гүлдерге қарап тұрып күйеу жігітіме былай дедім:
- Білесің бе, сыйланған гүлдер көп уақыт солмай тұрған сайын қыз бен жігіттің қарым-қатынасы да соғұрлым берік болады екен.
Содан бері сүйген жігітім әр кеш сайын келіп, үш апта бойы солмай, әрін бермей тұрған әлгі гүлді бір иіскеп мәз боп үйіне қайтады. Гүлдің ырымына қатты сенген жігіт маған дәл сол жанармай бекетінен сатып әкеп жиі-жиі гүл сыйлауды әдетке айналдырды. Оның әкелген гүлдері расында да ұзақ уақытқа дейін жайнап, үйіме сен беріп тұрды. Гүлдің ғұмыры ұзарған сайын біз де балаша қуанамыз.
Уақыт өте біз үйленіп, жұмыстан еңбек демалысына шықтық. Менің аяғым ауырлап, өмірге қыз бала әкелдім. Көп өтпей жаңа үй алып, соған көшіп келдік. Ол сонда ғана маған осы уақытқа дейін айтпай келген құпиясымен бөлісті:
- Тағдыр деген осы екен ғой, иә? Расында да біздің қарым-қатынасымыз берік. Оған екеуміздің екі түрлі қызығушылығымыз да, жасымыз бен бала-шағаларымыз да, тіпті менің қыңыр мінезім де әсер ете алмайды, - деп жолдасым осыншама жыл бойы маған гүл сыйлауының нәтижесінде осыны ұққанын айтты.
Мен де құпиямды жария етуді дұрыс көрдім. Менің құпиям – күн сайын жолдасым сыйлаған гүлді жанармай бекетіне барып жаңартып отырғаным. Әйтпесе шын мәнінде тамыры кесілген гүлдердің ұзақ уақыт сақталуы мүмкін емес қой? Есесіне, екеуміздің осы сеніміміз отбасымыз бен қарым-қатынасымызды берік етті.