- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Берген – үндемесін,...
Берген – үндемесін, алған – айтсын
Жақсылық жасап, біреудің көрсеткен қызметі үшін алғыс айту үнемі қолымыздан келе бермейді. Өзгенің жақсылығын тез ұмытатын әдетіміз де бар. Бірақ "рахмет" деген алты әріпті сөздің тас болып қатқан жүректі жылытатын қасиеті бар екенін ұмытпағайсыз.
Ақылды адам алғыс айтуды ауырсынбайды.
Э. Бульвер-Литтон
Алғыс – алғыс айтылатын адамның құқығы емес, бірақ алғыс айтатын адамның қарызы, алғыс талап ету — ақымақтық, асын ішіп, ыдыс-аяғына түкіру – оңбағандық.
В.О. Ключевский
Өзгенің өзіңе көрсеткен қызметін ұмытпа да, өзгеге көрсеткен қызметіңді ұмыт.
Пубиилий Сир
Берген – үндемесін, алған – айтсын.
М. Сервантес
Рақметі жоққа қызмет көрсетсең – ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау – зор бақытсыздық.
Ф. Ларошфуко
Ең зор бақытсыздық – біздің жек көруімізге лайық адамдардың көмегіне зәрулік.
Кабус
Қ. Бүйенбай