Балық көзіндегі теңіз

Балық көзіндегі теңіз

Кішкентай балық балықшының торына түсті. Балықшы оны үйіне алып қайтқаннан кейін балықтың сүйкімді, әрі әдемі екенін көріп, оны кіші қызына сыйлыққа беріп жіберді. Сәби қыз бұл балықты өте жақсы көрді. Оны кішкентай сауытқа салып, күндіз-түні бағатын-ды. Балық кішкентай құмырада арлы-берлі тоқтаусыз жүзіп жүретін. Ол күн сайын өсіп жатты. Арада көп уақыт өтпей-ақ балық бұл құмыраға сыймай қалды. Сонымен қыз оны үлкен, әрі суы мол ыдысқа көшірді. Балық емін-еркін жүзіп, асыр салады. Күндер өте келе ол жуандап, бұл ыдысқа да сыймай қалады. Ол өз өміріне риза болмай, осы кішкентай қана кеңістікке көңілі толмай, су ішінде қалықтап жатып алатынды шығарады. Қыз одан алаңдап, жемді де көптеп бере бастайды. Балықтың бейшара кейпін көрген қыздың жүрегі ауырып, оны теңізге қоя береді.

Ол айдын-шалқар теңізді қанша тез, қанша тоқтаусыз жүзсе де оның шет-шекарасында жете алмайды. Бір күні ол өзі сияқты бір балыққа ұшырасып қалады. Әлгі балық бұл балықтан: «Сен неге қамкөңілсің?» деп сұрайды.

Бұл балық оған: «Бұл ыдыс өте үлкен екен, мен қанша жүзсем де оның келесі бір шетіне жете алмадым» дейді.

Ақиқатында, адам баласының көңіл көкжиегі мен ой әлемі оның қанаты сияқты. Ой әлеміңіз қанша кең болса, бұл дүние де сізге сонша кең болып көрінеді. Егер ойыңызды шырмап, қамауда ұстап отырған қабырғалар мен шырмауықтардан арылмасаңыз, сіз қаншама кең әлемде, қаншама еркін өмір сүрсеңіз де шын өмірдің мәнін, нағыз еркіндікті сезіне алмайсыз.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: rpgwebgame.com

 

M. Auelkhan