Сіздің қадамыңыз, іс-әрекетіңіз дүниенің бағытын өзгертуі мүмкін. Қалай өзгертпек керек? Онда мына бір шағын тәмсілге көңіл бұрыңыз.
* * * *
Ол жағалаумен келе жатқан болатын. Кенет құм үстінен бір нәрсені алып, теңізге лақтырып жатқан баланы көрді. Жақындап келіп қараса, әлгі баланың қолында теңіз жұлдыздары. Олар оны айнала қоршап жатыр еді. Саны миллионнан асып жығылатын жұлдыздар жағалауға толып кетіпті.
Жақындап келді де:
- Мынау, теңіз жұлдыздарын неге суға лақтырып жатырсың? - деп сұрақ қойды балаға.
- Егер олар ертеңгі күнге дейін жағада жататын болса, ертеңгісін жағалауды су шайған уақытта өліп кетпек, - деп бала, бір сәтке де ісін тоқтатпастан жауап берді.
- Бұл енді, бірақ, бос әурешілік қой! - деп ол айқайлап жіберді. - Қарашы! Мұнда миллиондаған теңіз жұлдыздары жатыр ғой. Жағалау жұлдызға толып кеткенін көрмейсің бе?! Бәрібір де, сенің қадамың еш нәрсені өзгерте алмақ емес!
Ал бұл уақытта бала қолына теңіз жұлдызын алып, бір сәтке ойланып қалған еді. Теңізге лақтырып жіберді де, оған қарап былай деді:
- Жоқ, менің қадамым көп нәрсені өзгертеді... Мына бір жұлдыз үшін...
сурет: liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек