Адамның ойлануына және шешім қабылдауына, өмір сүруіне және бар нәрсеге қуануына әсер ете алатын мынадай афоризмдердің жинағын ұсынбақпыз. Әр сөйлемде әдемі ой жатыр. Әр сөйлемнен үлгі алып, адамша ғұмыр кешуге асығуға болады.
* Біреулер ақ боз атты ханзадасын күтіп жүргенде, сен өзіңде бардың қадіріне жете алсаң, онда олар емес, сен – бақыттысың!
* Сен қай жерде болсаң, сол жерге керексің!
* Өмір сүру деген – велосипедпен жүріп келе жатқан сияқты. Егер сен қатты қиналып бара жатсаң, демек өрге шығып бара жатырсың. Ал егер саған жеңіл болса, демек сен түзу жолмен келе жатырсың. Ал қиядан түсіп келе жатқаның бақытты шағың шығар. Бірақ өрге шыққаннан, қиядан түскен тез...
* Адамдар да гүлдер секілді: кейбірі ерте гүлдеп, ерте солады. Ал енді бірі кеш гүлдеп, ұзаққа дейін жайнап тұрады.
* Ешқандай жаман нәрсені өзіңе қабылдама, қабылдасаң ғана ол саған тиесілі.
* Өмірде аздаған үзілістер болып тұрғаны дұрыс. Сенің басыңнан ол кезде ешқандай жағдай өтпейді. Жай әлемге қарап отырасың, әлем саған қарап отырады.
* Бақыттың кілті болмайды, бақыттың есігі ашық.
* Шылым қорабының сыртына «Шылым шегу сіздің денсаулығыңызға зиян» деп емес, «Бақыттылар шылым шекпейді» деп жазып қою керек. Сонда, бәлкім, адам аз болса да ойланар...
* Әлем оптимистерге арналған, ал пессимистер жай көрермендер ғана...
* Бір шаммен мың шамды жағып шығуға болады, сонда әлем жарығырық болмақ. Сол секілді бақытпен бөліскенмен, айналаң нұрланбаса, бағың кеміп қалмайды.
* Адам жаны төмендеген сайын, тұмсығы жоғарылай бастайды. Сол үшін ондай адамдар жаны жете алмаған жерге тұмсығын тыға беретін болады.
* Ұзақ уақыт теңіз суына қарап отырып, адамдарды сағына бастайсың. Ал адамдарға қарап отырып, амалсыз теңізді сағынасың.
Сурет: Алёна Гребенщикова