- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Бақыт тұрақтылығы мінезге...
Бақыт тұрақтылығы мінезге байланысты
Назарларыңызға тағылымды, тәрбиелік мәні мол, ғибратты сөздер ұсынамыз. Бұл сөздердің сізге пайдасы тиетініне кәміл сенімдіміз.
Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс.
Міржақып Дулатов
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Әл-Фараби
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай Құнанбаев
Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.
Ғабит Мүсірепов
Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс. Басқа қандай қайғы келсе де, өмірді бақытты, қуанышқа толы етуге болады.
Л. Толстой
Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрер адаммен жалған намыс қуыспа.
Асан қайғы
Ашу қысса, ақылың ғайып болады.
Махмұд Қашқари
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов
От түтінсіз болмас, жігіт мінсіз болмас.
Махмұд Қашқари
Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.
Білге Қаған
Тәкаппар – тақсірет тарттырады.
Махмұд Қашқари
Құрсақта біткен мінез қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді өлгенше өзгерте алмайсың.
Жүсіп Баласағұн
Шын дананы тануға болатын нағыз белгі – шыдамдылық.
Г. Ибсен
Шынайы және таза қуаныштардың бірі – аяқталған жұмыстан кейінгі демалыс.
И. Кант
Дүниенің ең басты жұмбағы – адам.
Қадыр Мырза Әли
Ж. Исакаев