Керемет тәмсілдің керемет бір әсерге бөлейтіні анық. Оқи отырыңыз.
* * * *
Үйінің алдындағы керемет көк шалғынды мақтаныш етіп жүрген еді. Бірде, қалың шөп арасынан бойы қылтиған бақбақтарды көріп қалды. Солардан, бақбақ гүлдерінен қайтіп құтылғысы келмесін, соған қарамастан әлгілер күн санап өсіп-өнулерін жалғастыра берген-ді.
Еш айла қонбаған соң, ақырында жергілік шаруа дүкеніне хат жолдауға бекінді. Хатта арамшөппен күресуде өзі қолданып көрген барлық әдіс-тәсілдер тізіліп шығып, соңғы жолы мына бір сұрақпен аяқталған болатын: "Мен барлық әдістерді қолданып көрдім. Кеңес етіңіздерші, не істеуіме болады?"
Жауап та көп күттірмей келіп жетті: "Оларды сүюге кеңес етеміз".
* * * *
Қандай ой түйдіңіз?
сурет:milashevtsova.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек