Кітапты өртеуден асқан қылмыс бар. Мысалы, оны оқымау.
Рэй Брэдбери «451 градус Фаренгейт бойынша»
Бұл туралы қоянның не ойлағанын сол күйі ешкім білмей кетті. Себебі қоян өте тәрбиелі болатын.
Алан Александр Милн «Винни-Пух»
Біз адамдардың өзімізге ұқсаған кемшіліктерін жақтыра бермейміз.
Оскар Уайльд «Дориан Грейдің портреті»
Ешқашан ештеңе сұрамаңыз! Ешқашан және ештеңе, әсіресе, ол егер сізден әлдеқайда биік тұрса. Өздері ұсынып, өздері береді!
Михаил Булгаков «Мастер мен Маргарита»
Сіз мен туралы не ойласаңыз да маған бәрібір. Ал мен сіздер туралы мүлдем ойламаймын.
Анри Гидель «Коко Шанель»
Оқу парадоксы: ол шынайлықты мағынаға толтыру үшін бізді шынайлықтан бір сәтке әкетеді.
Даниэль Пеннак «Роман секілді»
Толғанысты ұмыту өте қиын, ал одан қиыны қызықты сәтті еске түсіру. Бақыт есте сақтайтын тыртық қалдырмайды.
Чак Паланик «Күнделік»
Түнде шығарылған шешім, әдетте күн жарықта күшін жоғалтады.
Диана Сеттерфилд «Он үшінші ертегі»
Егер дүниеде барлығы мәнсіз болса, мәнді қылуға не кедергі келтіреді?, – деді Алиса.
Льюис Кэрролл «Алиса ғажайыптар елінде»
Мен бұл туралы бүгін ойламаймын, мен ол туралы ертең ойланамын.
Маргарет Митчелл «Желмен ғайып болғандар»
Адамды марқұм болғаннан кейін де жақсы көру керек. Егер ол тірілердің арасында ең мықтысы болған болса.
Джером Д. Сэлинджер «Тұңғиық тоқырауында»
Біз өзімізді сол қалыпта қабылдайтын болсақ, онда біз қандай адам болу керек екендігімізден айырыламыз.
Джон Фаулз «Бақсы»
Қанша тырмыссаң да, ауырған нәрсе ауырады.
Харуки Мураками «Норвегиялық орман»
Ол сүйді және азап шекті. Ол ақшаны жақсы көрді және оның жеткіліксіздігінен азап шекті.
Илья Ильф пен Евгений Петров «12 орындық»
Адамның өзіне шынайы пікір білдіру, бөгде біреуге баға беруден анағұрлым қиын. Егер сен өзің туралы шынайы пікір қалыптастырсаң, онда сен шынымен ержүрексің.
Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай ханзада»
Адамның кез келген нәрсесін кешіруге болады, жоқтықтан басқасын.
Олдос Хаксли «Контрапункт»
Парасатты адам деп сұмпайы әрекеттерді рахат алмай орындайтын адамды айтады.
Сергей Довлатов «Таңдаулы»
Батырлық дегеніміз ұтылғаныңды біле тұра, барлығын қайта қолға алып, ең соңына дейін шыдау. Жеңісіңнен жеңілуің көп болғанымен, әйтеуір жеңіске жетесің.
Харпер Ли «Қылжақбасты өлтіру»
Оқи отырыңыз:
Көрші елдердің мақал-мәтелі
Бернард Шоудың қанатты сөздері
Эрнест Хемингуэйдің қанатты сөздері
Жас Қазыбек пен Төле бидің кездесуі
Дайындаған: Нұрбол Нұмаханұлы
Сурет: postmania