Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын

Мәдениет – адамзаттың байлығы. Ол бар жерде тәрбие де, ғылым-білім де түзелмек. Абыз даналар, ұлы ойшылдар мәдениеттің рухани қазына екенін әу бастан-ақ айтып келген. Сіздердің назарларыңызға сол данышпандардың мәдениет туралы айтқан қанатты сөздерін ұсынып отырмыз. Мәдениетімізді сақтайық!

Мәдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі бай болады. Х. Досмұхамедұлы

Мәдениет дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі – зор қоғамдық сипат. 

Ә. Марғұлан

Надандық – ғылым-білімнің жоқтығы.

Абай

Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.

Абай

Нысап, ұят – бұл ғаділеттен шығады.

Абай

Мәдениет – халықтың ең үлкен рухани азығы. Бұл салаға көрінген көк атты келе бермейді. Халыққа мәдени қызмет көрсететін маманның өзі мәдениет пен білімді кемел игерген адам болуға тиіс. 

І. Омаров

... Мәдениет пен өнердің ісін сан алуан сәулетті түрін көп уақыт сақтап, келесі заманға мирас етіп отыруға болады. 

Ә. Марғұлан

Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын.

Абай