- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Ашот Наданян: "Пешкадан...
Ашот Наданян: "Пешкадан көтерілген ферзь – нағыз ферзьден де мықты"
Ашот Наданян – армян шахматшысы, халықаралық шебер, Арменияның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
► Үтік – нағыз еркектің әйелге қояр талабы: қыздырады, жазады және тек су ішеді.
► Жануар – ол жануар, мал – ол мал, тек адамдар ғана екеуінде бар қасиетті қатар алып жүре алады.
► Кей адамдар ұсақ балық секілді – үлкен көріну үшін топ ішінде ғана ерекшеленуге тырысады.
► Рөмке сынса – бақыт үшін дейміз, ал бақыт сол рөмкенің (рюмка) кесірінен сынады (жоғалады).
► Әйел кәмпит сияқты, сыртымен еліктіреді, ішімен таңғалдырады.
► Ең жақсы әйел – шахматшы әйел. Олар бірнеше сағат бойы үнсіз отыра алады, фигураға мұқият болады және бірнеше қызықты позицияны біледі.
► Кез келген автобиаграфия мектептегі күнделікті еске түсіреді. Оқушы ол жердегі екілік алған беттерін жыртып тастайды.
► Кітапты өртеп жібергенінен, оның баспадан шықпай жатып макулатураға кеткені жақсы.
► Постскриптиум – хаттағы ең маңызды бөлік, оны жай ғана қосалқы етіп көрсеткісі келеді.
► Жеңіл мінезді адамға сену жолды бұлт арқылы жаттаумен тең.
► Реніш – татуировка сияқты, салу оңай да, өшіру қиын.
► Кемпірқосақ – күннің суланған сәулесі.
► Жас кезде өзінің қандай жеміс екенін түсінбеген, қартайғанда қандай көкөніс екенін де білмейді.
► Аватардағы сурет төлқұжаттағы суреттен өш алады.
► Әйелдің жауынгерден айырмашылығы кезектен тыс нарядты жақсы көреді.
► Өмір қамқор анаң секілді – бірде киіндіреді, бірде шешіндіреді.
► Сенімсіздік – сәтсіздіктің табалдырығы.
► Пешкадан ферзьге айналған пешка ферзьдің өзінен мықтырақ.
► Тілің ұлы әрі құдіретті болып тұрғанда, мәтінің сасық әрі өңсіз болса, қарның ашады.
@. @assel_assanova