Роберт Де Ниро Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданына жақын орналасқан Кіші Италия деген жерде дүниеге келген. Әкесі де, шешесі де өнер саласындағы адамдар. Әйгілі әртіс кино әлемінде жұлдызы жанып, толағай табыстарға қол жеткізді. Ерекше дарындылығымен көзге түскен Роберттің "Өгей әке" фильмінде сомдаған рөлін бәріңіз де жақсы білетін шығарсыздар. Соның кесірінен оның Италия азаматтығын ала алмағаны да көпшілікке мәлім. Алайда оның ата-бабаларының бәрі италиялықтар болған. Біз бүгін Де Нироның тағылымға толы сөздерін назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.
1. Дарын дегеніміз - дұрыс таңдау жасай білу.
2. Қандай күйзеліс келсе де күлімдеп қарсы алу керек. Сонда ол сізді есуас деп ойлап, өзі қашып кетеді.
3. Жастық шағыма қарағанда мен қазір көп күлемін. Себебі адамдарға көзқарасым өзгерді.
4. Менің ойымша режиссер мен президенттің жұмыстары бір-біріне қатты ұқсайды.
5. Бір нәрсені түсіну үшін алдымен байқап көру керек.
6. Егер орындығыңыз жақсы болса, жұмысқа да, басқаға да тез кірісіп кетесіз.
7. Кейде мен өлілерге қатты қызығамын. Өйткені олардың бос уақыттары өте көп.
8. Менің өмірден байқағаным қарттық пен сақтық қатар келеді екен.
9. Тәуекелке бара алмайтын жандар өздерінің икемділігін, қабілеттілігін аңғармайды.
10. Мен артық киімдердің болғанын қаламаймын. Өйткені киімің көп болған сайын оларды жұмсайтын күш-қуатың да көп болады.
11. Әр адамның өз шындығы бар.
12. Қорқуды қойған дұрыс. Алайда қайсарлық пен ессіздікті шатастырып алмауыңыз керек.
13. Жасарудан арықтау әлдеқайда жеңілдеу сияқты. Бірақ екеуіне де қол жеткізуге болады.
14. Адамдар әр түрлі болады. Біреулер ерекше бір нәрсе ойлап тапқысы келсе, енді біреулер сол нәрседен қалай ақша түсіруді ойлап отырады.
15. Жақсы мен жаманды ажыратып үйрететін адамға бәрін беруге де болады.