Анна Ахматова – орыстың ақын қызы, аудармашы, әдебиеттанушы, орыс әдебиетінен ойып тұрып орын алған тұлға.
► Маған қаншама тас атылды, енді қазір олардың ешқайсысы қорқыныш туғызбайды.
► Тәрбиелі адам ешкімді байқаусызда ренжітіп алмайды, ол әдейі ренжітеді.
► Бұрын болмаған жерге барудан артық жүйкеңе пайда келтірер нәрсе жоқ.
► Жігіттер, сіздер әйелдерді көріктілер мен батырларды жақсы көреді деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олар батырлық пен сұлулықты жасайтындарды жақсы көреді.
► Айтудың өзі қорқынышты, бірақ адамдар не көргісі келсе, соны көреді, не естігісі келсе, соны естиді. Сөзіме сенбесеңіз, өзіңіз туралы не естігеніңізді еске түсіріңіз.
► Мен бүгін таң атқалы үнсізбін, ал жүрегім қарс айырылып жатыр.
► Тыныш... Осыншама тыныштықта ғана уақыттың қалай өтіп жатқаны естіледі...
► 8 наурыз мерекесін кім ойлап тапқан? Әйелдер туралы қалайша жылына бір-ақ рет еске алуға болады?
► Әр оқырман жер астындағы қазына секілді жұмбақ...
► Тіпті ең ұлы өлеңнің өзі ақынды бақытты ете алмайды.
► Ештеңені есте сақтауымды сұрама, есте сақтау қабілетім нашар екенін жақсы білемін.
► Болашақ – шығар жолға дейін көлеңкесін түсіреді.
► Үмітің үзілгенде жаның тынышталады, ал үміттену есіңнен адастырады.
► Менің бүгін істейтін шаруам көп: жадты толықтай өлтіру, жанды тасқа айналдыру, қайтадан өмір сүруді үйрену.
► Өмір сүру – еркіңде. Өмірден өту – үйіңде.
► Нағыз нәзіктікті ештеңемен шатастыру мүмкін емес. Ол сондай баяу, бірақ бар екенін әрдайым біліп отырасың.
► Шын жүрегіңмен сүйген адамың сен үшін ешқашан өлмейді, жүрегіңде мәңгі өмір сүреді.
► Біз бәріміз бұл өмірге қонақпыз, өмір сүру жай ғана әдетке айналып қалған.
► Түсініспеушілік, жалқаулық, реніш қабырғасын махаббаттың жалыны ғана бұза алады.