- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Алыс пен жақын...
Алыс пен жақын
Күндегі тұрмыстың күйбеңінде шырмалып жүріп жақын жандарды ренжітіп алып жатамыз. Кейде дау арты үлкен ұрыс-керіске ұласып, нәтижесі қарым-қатынас үзілуіне алып келмек. Соңында, ертелі-кеш ағат кеткен тұсты аңғарып, батыл қадам жасауға тырысып бағамыз.
Бірде Ұстаз өз шәкірттерінен сұрапты:
- Адамдар осы неге ұрысқан тұста бір-біріне айқайлайды?
- Өйткені, дәл сол тұста тыныштықты жоғалтып алады, - дейді біреуі.
- Бірақ егер әлгі адам қасында тұрса, онда дауыс көтерудің қажеті не? - деп Ұстаз сұрауда, - Ақырын ғана айтуға болмай ма екен? Егер сен өкпелеп тұрсаң, айқаулаудың қажеті қанша?
Шәкірттер әр төңіректе өз жауаптарын айтып та көрді, алайда, бірде-біреуі ұстазды қанағаттандырмады. Ақыры өзі түсіндірмек болды:
- Адамдардың бір-біріне көңілі толмай және ұрысқан тұста олардың жүректері алыстай түседі. Осы үшін, сол бір алысты жабу үшін және бір-бірін есту үшін оларға айқаулауға тура келеді. Олар неғұрлым ренжіген сайын, соғұрлым қатты айқайлай түседі.
- Ал адамдар бір-бірін сүйіп қалған тұста не орын алады? Олар дауыс көтермейді, керісінше, ақырын сөйлейді. Өйткені, олардың жүректері бір-біріне жақын тұрады және қашықтық та қысқара түседі.
* * * *
Ал қатты сүйіп қалған тұста не орын алады? - деп Ұстаз сөзін жалғастырды. - Тілге келмейді, ақырын ғана сыбырлап, өз махаббаттарымен қашықтық одан бетер жақындай түседі.
Ақырында оларға сыбырлаудың да қажеті жоқ. Олар бір-біріне қарай отырып, сөзсіз һәм тілсіз бір-бірін жақсы түсіне бермек. Екі ғашықтың көңіл-күйі осы болмақ.
Міне, сосын, бір-бірлеріңмен дауға қалғанда жүректердің алыстай түсуіне жол бере көрмеңдер. Аралықты алшақтата түсетін сөздерді айта көрмеңіздер. Өйткені, күндердің-күні аралық тым қатты ұзарып кетуі мүмкін. Сол уақытта қайтар жолды табу қиынға соғады.
сурет:pandemoniym.livejournal.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига