Алматы дизайнерлері қазақ тұлғаларының шабыттандырғыш суреттерін салды

Алматы дизайнерлері қазақ тұлғаларының шабыттандырғыш суреттерін салды
Фото: tengrinews, график.кз

Алматы дизайнерлері қазақстандық тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттерін жасап шығарды. Бұл жобаның негізгі мақсаты — суреттерді жастар арасында кеңінен танымал ету.

"Халық арасындағы танымал тұлғалардың каноникалық бейнелері мен суреттерін барлығы біледі   Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай және т.б. Алайда қазақ халқының өзге де танымал тұлғаларының келбетін білетіндер көп емес  Таир Жароков, Қаныш Сәтбаев, Әбілхан Қастеев және т.б. Дегенмен олардың есімдері өте танымал. Осы скетчтер арқылы біз олардың суреттерін жастар таныса екен дейміз," - деді жоба туралы igraphic.kz дизайн-бюросының арт-директоры Владимир Лукашов.

Бес тұлғаның суреті салынды  Мұхтар Әуезов, Тоқтар Әубәкіров, Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы және Әділхан Қастеев. Олардың әрқайсысының астында қазақстандық жастарға арналған уәждемелі мәтіндері бар. Жоба шеңберінде Telegram-ға арналған стикерлер жасалды. Ол жастар арасында кеңінен таралатын болады.

"Бұл біздің білім беру жобасындағы бастамамыз ғана. Алдағы уақытта мұндай суреттер өзге де тарихи тұлғаларға арналып жасалатын болады. Үлкен коллекция жиналғанда біз оларды оқу орындарына сыйлауды ұйғарып отырмыз", - деді жоба басшысы Бағлан Айдашов.


Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін