Мақал – сөздің мәйегі, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Бір ауыз сөзге тоқтау салған қазақ атамыз қашанда сөз қадірін білген. Басы қосылса, әндетіп, күй шертіп, жұмбақ жасырып, мақалдатып отырған. Сол мақалмен ұлын өсіріп, қызын ұзатты. Бір түйір сөзбен бір үлкен елді тәрбиеледі. Бұл жайында білмейтін иісі қазақ баласы кемде-кем. Ал, біз бүгін «Әлем халықтары қалай ойланады?» деген сұраққа жауап беретін боламыз.
Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. (Қазақ мақалы)
Жүрек қанша тар болса, тіл сонша ұзын болады. (Қазақ мақалы)
Жастықтың сұлу жүзі бар, қарттықтың сұлу рухы бар. (Швед мақалы)
Әйелдің жүрегі он еркектің көзінен жақсы көреді. (Швед мақалы)
Үздіктер де қателеседі, тіпті адасуы да әбден мүмкін. (Швед мақалы)
Ай астындағы ешнәрсе мәңгілік емес. (Швед мақалы)
Немқұрайлылық басталған жерде махаббат таусылады. (Швед мақалы)
Тыныстайтындардың бәрі ерте-кеш әйтеуір ажалмен танысады. (Швед мақалы)
Шарап кірген бастан ақыл ұшады. (Швед мақалы)
Әділет жоқ жерде байлық билік жүргізеді. (Швед мақалы)
Дос-дұшпаныңды үш жерде сынауға рұқсат: сапарда, қиындықта, дертке кезіккенде. (Тәжік мақалы)
Батыр олжа үшін емес, жеңіс үшін қуанады. (Қырғыз мақалы)
Пышақ та, балта да тілден өткір емес. (Индонезия мақалы)
Өз еліңдегі тас жауыны, өзге елдің алтын жауынынан абзал. (Индонезия мақалы)
Тау-тасты сел бұзады, адамды – қызғаныш. (Индонезия мақалы)
Құстың түсін өзгертуге болар, құлқын өлім өзгертеді. (Индонезия мақалы)
Кемшіліксіз өмір тәтті болмайды. (Испан мақалы)
Көршіңе қонаққа бар, бірак апта сайын емес. (Испан мақалы)
Түсіністік қана адамды көріктендіреді. (Тиббет мақалы)
Қарсыласың қаншалықты ақылды болса, соншалықты қауіпті. (Тиббет мақалы)
Үлкен кеңестен кішкене ғана қол ұшын беру абзалырақ. (Португал мақалы)
Ешқашан «ешқашан» деме. (Норвег мақалы)
Сүйіспеншілік лашықта да, сарайда да бірдей өмір сүреді. (Норвег мақалы)
Жүрек іші толып қалса, тіл үнсіз қалады. (Норвег мақалы)
Өлім келместен бұрын өлуші болма. (Куба мақалы)
Бәлеқор үшін екі табыт дайын әманда: бірі өзі үшін, екіншісі тілі үшін. (Куба мақалы)
Бос өткен уақыт үшін өліктер де жылайды. (Куба мақалы)
Тауқымет көмірге ұқсайды, жанбайды, бірақ күйдіреді. (Итальян мақалы)
Дерт жүгіріп келіп, еңбектеп кетеді. (Фин мақалы)
Өз анаңнан артық дос жоқ. (Мордва мақалы)
Туылмаған – өлмейді. (Мордва мақалы)
Шүкіршілік бар жерде береке болады. (Ноғай мақалы)
Бал тәтті, бала балдан да тәтті. (Ноғай мақалы)
Адам гүлден нәзік, тастан қатты. (Ұйғыр мақалы)
Бесікке бөленген, табытқа да бөленеді. (Кабардин мақалы)
Адамдар жалайтындай тәтті болма, адамдар түкіретіндей ащы болма. (Армян мақалы)
Егер иттің ұяты болғанда, киім киіп алар еді. (Армян мақалы)
Ар тазалығынан асқан жұмсақ жастық жоқ. (Француз мақалы)
Әйел – Құдайдың сұлу нығметі, егер шайтан дәмін көрмеген болса. (Француз мақалы)
Тоқ жасап, доңызға айналғаннан, аш жүріп, адам болған артық. (Грузин мақалы)
Әр күні бір рет болса да жақсы сөз естіген жақсы, әйтпегенде құлақ есектікіндей ұзарып кетеді. (Лак мақалы)
Күлсең бүкіл дүние сенімен бірге күлсін, жыласаң тек жалғыз жыла. (Ағылшын мақалы)
Біреу сізді бір рет алдаса, айыпты сол кісі, екінші рет алдаса, айып сізде. (Румын мақалы)
Қарыз берудің шарты: не досты, не ақшаны жоғалту керек. (Албан мақалы)
Сурет: bankoboev.ru