- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Әлдекім жамандық ойласа......
Әлдекім жамандық ойласа...
Не себепті бір адамдарды жаны жайсаң, ал кейбіреулерді қара жанды деп айтады, – деп сұрады қызы анасынан, – адамның жанын көре алмаймыз ғой. Адамдар әр кезде әртүрлі қалыпта болуы мүмкін, солай емес пе?
Анасы оған былай жауап берді:
– Жаны жайсаң адамды кездестірсең, өзің де жадырап, жайнап шыға келесің. Жаныңыз ауырып жүрсе, осындай адамдардың жанында өзіңізді жайлы, жақсы сезінесіз. Мұндай жандар өзіңе деген сенімділікті арттырады, бақыттан үмітті болып, тынық қуанышты сезінесің. Барлық адамды жақсы көріп, бәріне жақсылық жасағың келеді.
– Ал егер адам бар шындықты айтып тұрса, оның шындығы маған ауыр тиетін болса ше? Өмір сәулесіз қараңғы болып кетсе... Демек ол адам жауыз, екіжүзді болғаны ма?
– Жоқ, қызым. Бұл адамның жанына жарық жетіспейтінін білдіреді. Өзі бақытсыз болғанымен қоймай, бейсаналы түрде жамандығын саған жұқтырады.
– Сонда мен не істеуім керек?
– Ол адамды өзің жан жылуымен нұрландыр. Көбірек күш салған сайын басымдығың арта түседі. Жарық шашу үшін өзің жарық болуың керек. Есіңде болсын, жарық деген – сенім ғана емес, тартымды күлкі, жылы сөздер, қолдау мен көмек.
@. @assel_assanova