- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Ақылдының жанында демалыңыз...
Ақылдының жанында демалыңыз
Ақыл деген не? Ол ой-сана емес. Көрінген адаммен тіл табысып, кез келген тақырыпта сөйлесе беру де емес, керісінше, бұл мүлде қауіпті!
Ақылдылық данышпан адаммен әңгіме өрбіте білумен өлшенбейді.
Егер басыңызда ақылыңыз бар болса, өзіңіздің ештеңе білмейтініңізді өзіңіз-ақ бірден түсінесіз.
Ақыл көбінесе үнсіз сөйлейді.
Ақыл сөйлесіп отырған адамға жақпай отырғаныңызды не кемшілігіңізді демде ұқтырады, оны айналып өтесіз.
Ақыл берер жауабын бірден ойлатады не өзін тыңдағысы келмейтінін түсіндіріп, үнсіз қалдырады.
Тіпті ақылдың ұсынары да бар.
Ақымақтық ештеңе ұсына алмайды.
Ақымақтық сұрамайды.
Ақымақтық түсіндірмейді.
Қысқасы, ақылдымен сөйлескен жеңілірек.
Оның жанында өзіңізді жалқау әрі еркін сезінесіз.
Ал ақымақтың жанында жүрсең, ешқашан қолың босамайды.
Ақ тер, көк терге түсесіз.
Ол сізге қарсы келген үстіне қарсы бола береді.
Осы мәнсіз қайшылықтан күшіңізді, байсалдылығыңызды, зеректігіңізді жоғалтасыз.
Ақымақ адамның еш пікіріне келісе алмайсыз.
Нәтижесінде, өзімнің мінезім нашар деген қорытындыға келесіз.
Сондықтан ақылды адамның жанында демалыңыз.
Онымен бірге демалыңыз, қымбаттым!
Өтінемін!
Михаил Жванецкий