Ақыл – адамды басқа тіршілік иелерінен артық қоятын, ерекшелейтін қасиет. Бірақ пенде болған соң, бірде біліп, бірде білмей қателіктерге жол беріп жатамыз. Ойда-жоқта қабылданған шешімдер мен жеке қасиеттер адамды ақылды не ақымақ ретінде қоғамға танытуы мүмкін. Ендеше біз айтып жүрген ақылды адам мен ақымақ жанның айырмашылығы қандай? Оны алысқа бармай-ақ, аталы сөзден тапсақ та болады.