Ақыл-кеңес, өнеге туралы қанатты сөздер

Айналамыздағылардың басына іс түссе, ақыл айтуға шеберміз. Кезек өзімізге келгенде, не істерімізді білмей дағдарып қаламыз. Сол себепті ақылға үйрету мен ақылды болудың мүлдем бөлек нәрселер екенін ескеруіміз керек. 

Ең қиыны - өзіңді-өзің танып білу, ал оңайы - басқаларға ақыл-кеңес беру. 

Фалес

Біз ақыл-кеңесті шелектеп беріп, тамшылап қабылдаймыз.

У. Олджер

Ақыл-кеңес сұрау - бір адамның екінші адамға көрсете алар ең зор сенімі.

Ф. Бэкон

Басқа адамдардың көзінше біреуге берген ақыл-кеңес жазғыру болып қабылданады. 

Кабус

Бәрінен жағымды нәрсені емес, бәрінен артық нәрсені кеңес ет. 

Солон

Жауыңнан да үйренуге болады.

М. Монтень

Ақылды адам жауынан көп нәрсе үйрене алады. 

Аристофан

Жақсы ақыл-кеңес алу - өз мүмкіндіктеріңді арттыру деген сөз. 

И. Гете

Тауып айтқан сөзіңнің ақымақтықтың құлағында өлгенін көруден өткен өткінші ештеңе жоқ. 

Ш. Монтескье

Ақыл-кеңеске құлақ аспайтын адамдарға көмектесуге болмайды. 

Б. Франклин

Ақымақтардың ұстазы - сөз емес, бақытсыздық. 

Демокрит