Бір күні өте бай кісі баласына ақшасыз өмір сүрудің қандай екенін көрсеткісі келіп, ауылға алып келеді. Олар жарлы кісінің фермасында бірнеше күн болады.
Үйге оралған соң баласынан сапардан алған әсерін сұрайды.
— Ұнады, әке, - деп жауап береді баласы.
— Міне, керемет! Саяхатымызда не түйдің? - деп тағы сұрақ қояды. Ал баласы былай деп жауап береді:
— Бізде бір ит бар, ал оларда төртеу. Бізде бақшаның соңына дейін ғана жететін қауыз бар, оларда шегі көрінбейтін көл бар. Біздің бақшамызда теңіз шамдары жарқыраса, оларда түні бойы жұлдыздар жымыңдайды. Бізде кішкене ғана жер телімі бар, ал олардың жері шексіз жазықтықты алып жатыр. Біз азық-түлікті сатып аламыз, ал олар өздері өсіреді. Біздің үйіміздің айналасы қабырғамен қоршалған, ал олардың үйін достар қоршайды.
Мүлдем мұндай жауап күтпеген әкесі баласының мына сөзін естіп шоқ басқандай болып, тілі байланып қалды. Оның үстіне баласы тағы да:
— Мен шындығында біздің қаншалықты кедей екенімізді түсіндім, - дейді.
Қолдағы барды қанағат тұтпай, тек жоғымызды жоқтаумен өмір өткіземіз. Біз үшін әлдебір арзан бұйымдар басқалар үшін баға жетпес сый болуы мүмкін. Барлығы адамның қай қырынан қарағанына байланысты. Кейде балалардың көзқарасы өмірдегі ең маңызды нәрселерді еске түсіреді.