- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Ағайынды екеу ...
Ағайынды екеу
Брайан Каваноның "Егістікке қажетті жаңа астық" кітабынан келтіре кеткіміз келіп отыр. Бір тәлімі болар деген оймен ұсынылады.
* * * *
Ағайынды екеу бірге отбасылық фермада жұмыс істеп жүрді. Бірінің келіншегі бар әрі дәулеті тасыған жан еді. Ал екіншісі бойдақ болатын. Әр күннің соңында бір туған бауырлар барлығын теңдей бөліске салып тұрды – алынған өнім мен түскен табыс есептелді.
Бірақ бір жолы бойдақ бауырына бір ой келеді: "Екіге бөлу әділеттілік болмас. Мен жалғызбын, және менің қажеттілігіме аз шығын кетеді". Сондықтан, ол әр түн сайын өз қамбасынан бір қап астықты алып, дымын білдірмей жазық дала арқылы ағасының қамбасына жол тартатын.
Сол уақытта үйлі ағасы да ойланып отыратын: "Екіге бөлу әділеттілік болмас. Шынтуайтына келгенде, маған қарттық жаста қарайтын әйелім мен бала-шағам бар. Ал інім болса жалғыз, ол туралы болашақта кім ойлап бас қатырсын". Сондықтан, ол әр түн сайын інісің қамбасына бір қап астықтан алып барып жүрді.
Жыл өткенше ағайындылар қамба ішіндегі астықтың бітпесіне таңқалумен жүрер ме еді, бірде түн ішінде бір-бірімен кезігіп қалмағанда. Бар жайды бірден түсінген бауырлар қаптарын тастай салып, құшақтаса кеткен еді.
* * * *
Қандай ой түйдіңіз?
сурет: nabenielsen.dk
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига