Қыпшақ ақыны Саиф Сараи "Түркіше Гүлстан" еңбегінде тағылымды ойлар айтқан болатын. Ол ақымақтық пен надандықтың, жалқаулық пен күншілдіктің соңындағы адамның жолы болмайтынын айтқан. Сіздердің назарларыңызға сол нақыл сөздердің бір шоғырын ұсынып отырмыз.
Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа.
Ақымақты мақтасаң, қуанады.
Ақымақ мың батпан тасты көтереді.
Ақымақ адам өз тілін тыя алмайды.
Жаман әйел жақсы ерді өмір бойы қинайды.
Жарғанат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді.
Күншіл күнде күңіренеді.
Қиын күнде қол ұшын берген – нағыз дос,
Жайшылықта «доспын» деген жай сөз.
Нағыз ер болсаң, сол атаққа ие бола біл.
Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді.
Тоқ адамға семіз еттің де дәмі білінбейді.
Тіленіп көрген күн қор болып өтеді.
Таза өнердің иесі жомарт келеді.