- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Адамшылық болмай әділ...
Адамшылық болмай әділ болу жоқ
Әділдік — әлеуметтік топтардың, қоғам өміріндегі индивидтердің әлеуметтік дәрежесіне, құқығы мен міндетіне, еңбегі мен марапатына, қоғамның мойындауына, қылмыс пен жазасына қатысты түсінік. Оны әркім түрліше ұғынады. Назарларыңызға аталған қасиет туралы нақыл сөздерді ұсынамыз.
Әділетті ақыл мойындаған іске қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған іске оңай да болса, мойындамау — ерлік, батырлық.
Абай
Әділдік адам іс-әрекеттерінің нормасы болуға тиіс.
Н.Г.Чернышевский
Әділдіктің: ешкімге зиян тигізбеу және қоғамға пайда келтіру сияқты екі қайнар көзі бар.
Цицерон
Әділдік — өмірге нандай қажет өнім.
Л.Берне
Әділдік жоғалған кезде адамдар өмірін мәнді ететіндей ештеңе де қалмайды.
И.Кант
Мәңгілік нәрсе ғана ұлы; не әділ болса, сол мәңгілік.
Д.Феррари
Біздің халқымыздың ең мәртебелі де ең етене қасиеті — әділдік сезімі мен соны көксеуі.
Ф.М.Достоевский
Ойда әділ болу — бұл әлі істе әділ болу дегендік емес.
К.Д.Ушинский
Әділдік — іс-әрекеттегі ақиқат.
Ж.Жубер
Әділдік әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады.
Цицерон
Мейірімді болу оп-оңай, әділ болу — қиын нәрсе, осы.
В.Гюго
Біздің пайымдауларымыз бен біздің қылықтарымыздың әділеттілігі — біздің мүлкіміздің қоғам мүддесімен сәттілікпен сәйкес келуінен өзге ештеңе де емес.
К.Гельвеций
Әділеттік пен шындыққа қызмет етем деген адам жалғыздыққа да үйрене білуі керек.
Берсье
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма — аймағың кетпес алдыңнан.
Ы.Алтынсарин
Адамшылық болмай әділ болу жоқ.
Л.Вовенарг
Әділдіктен күш біріксе, бұл одақтан қуатты еш нәрсе болмас.
Эсхил
Дауыстың көптігі әділдіктің өлшемі бола алмайды.
Ф.Шиллер
Әділет тілесе, атаңның болсын айыбын айт.
М.Әуезов
Адамдарды әділдікті сүюге үйрету үшін оларға әділетсіздіктің нәтижелерін көрсету қажет.
А.Смит
Толық кемелдікке жеткен адам барлық жануардан жоғары, бірақ оның есесіне, егер ол заңсыз және әділетсіз өмір сүрер болса, бәрінен төмен. Тегінде қаруланған әділетсіздіктен құбыжық ештеңе жоқ.
Аристотель
Әділдік күшті болуға тиіс, ал күш әділетті болуға тиіс.
Б.Паскаль
Қ. Бүйенбай