Массагеттің оймақтай ойларды тізбектеу дәстүрін жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға адамзат мақтаныштарының аузынан шыққан дуалы сөздерді ұсынғалы отырмыз. Бүгінгі әңгімеміз адамның қадір-қасиет тақырыбына арналмақ.
Ең алдымен өз қадіріңді жоғалтпа!
Пифагор
Адам өзін құрметтеуге тиіс.
М. Горький
Намыссыз адам бейшара. Намыс – жерді орнынан қозғауға болатын Архимед сүймені.
И. С. Тургенев
Өзіне деген сенім – тамаша нәрсе, өйткені ол – адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі.
Т. Гоббс
Өзінің күшіне сенген жерде ғана адамның қолы бірдеңеге жетеді.
Л. Фейербах
Өзіне сенбеу – біздің көптеген сәтсіздіктеріміздің себебі.
К. Боуви
Күдіктер – сатқындар: байқап көруден үркітіп, олар көбінесе–ақ біздің ие бола алатын игілігімізден мақұрым қалдырады.
У. Шекспир
Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ.
И. Гете
Адамның өзінің ақшасынан, үй–жайынан, қора–қонысынан айырылуы аянышты емес, мұның бәрі адамға тиесілі емес. Ал адам өзінің шын меншігі – өзінің адамдық қадір–қасиетін жоғалтса, бұл енді аянышты–ақ.
Эпиктет
Сурет: Абзал Шомитов