Адамдардың көбісі бақытты...

Адам — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі. «Адам» ұғымы аса тереңде жатыр. Мәселен, ХІ ғасырда өмір сүрген ислам оқымысты Руми: «Адамның болмысы – ішінде әртүрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар. Егер ішкі жан шаһарыңда қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» - деген екен. Ендеше адами қасиет пен адами болмыс туралы ұлылардың сөзін назарларыңызға ұсынамыз.

 * Таза өнердің иесі жомарт келеді.

Сайф Сараи

 * Ақылсыздың сүйгені жаман, Ақымақтың түйгені жаман.

Досбол би

* Адам бақытты болуға тиісті, егер бағы жанбаса сол адамның тек өзі ғана кінәлі.

Лев Толстой

* Адамдардың көбісі бақытты, бірақ бұл жайлы көбінесе біле бермейді...

А.Лэнгле

* Саналы адам сағыңды сындырмас,

Санасыз адам жағыңды тындырмас.

Халық сөзі

* Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.

Халық сөзі

* Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?

Әлихан Бөкейханов

* Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.

Мұхтар Әуезов

* Адамның ең ұлы қасиеті – бақытты болуға талпынуы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

* Бай бодан болғаннан, тәуелсіз кедей болған әстілі жақсы. Әрине, адамдар бай, әрі тәуелсіз болғанды қалар еді – соның жолында олар кедей құлға айналады.

Альбер Камю

* Өз басым бөтеннің құпиясын ашқанды ұната қоймаймын. Бірақ бөгде адамның ағынан жарылғанын қалап тұрамын.

Альбер Камю

* Қызғаншақтар үнемі дүрбіден қарайды. Ол кішкентай нәрсені – үлкен нәрсеге, ергежейлілерді – алыптарға, жорамалды – шындыққа айналдырады.

М.Сервантес

* Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі.

Бауыржан Момышұлы

* Адамзаттың ақылы шексіз,

Шектейтін – надандық.

* Адамның биіктігі мен тереңдігін,

Жан-дүниесінің кеңдігімен өлше.

Төрекелді Байтасов

* Адамдардың аңға айналғанын,

Аңдардың таусылғанынан білерсің.

 

* Қолында билігі бардың бәрі – білгішсымақ.

 

* Өресі биік кісі

Өрескелдікке бармайды.

Өсу тоқталған жерден өшу басталады.

 

* Қиналған азаматтың қасында руластары емес, ұрандастары болды.

 

* Өлмейтін бір жақсы сөзге онсыз да өліп жатқан бір күніңді қи.

Төрекелді Байтасов

* Пенде шіркін кейде дақпыртты да даңқ деп түсініп қалады.

Әбіш Кекілбаев