Біз көп жағдайда неден һәм кімнен сақтану керектігін білмей жатамыз. Ұстаз бен шәкірт арасында өрбіген мына бір шағын диалог кімге болса да терең ой салары сөзсіз.
Бірде шәкірті ұстазынан:
– Адамдарды қалай ажыратсам болады, кімге сенуге болады, ал кімнен сақтану керек? - деп сұрады.
– Алдымен кімнен сақтану керек, соны айтайын, - деді ұстазы.
– Ең момын деген адамнан сақтан! Алдыңда кім басын иіп, сені құшақтап тұрса, саған ерекше ықылас білдірсе – ең алдымен содан сақтан!
– Бұл сонда қалай болғаны, тақсыр? - деп шәкірті таң қалды. – Ашықтап жіберіңізші!
– Себебі, сені бірінші боп сатып кететін сол болады,- деді ұстаз күрсініп.
– Енді кімге сенуге болады? Соны айтыңызшы,- деп сұрады шәкірті.
– Кім сенің алдында өзін қарапайым ұстайды және қандай жағдай болса да тек шындықты айтады, соған сен. Сондай адамдар көмекке бірінші болып келеді!
Сосын ұстазы:
– Шын мойынсұну, әдетте байқала бермейді, сондықтан оны табу қиын болады. Ал егер тапсаң, ол сені еш уақытта сатып кетпейді, - деді.